Жеңіс күні – бұл біздің жүрегімізді мақтаныш пен ризашылыққа толтыратын мереке. Жүрегімізде қуаныш әрі мұң сезімін тудыратын ерекше күн. Ерліктің, батырлықтың және мейірімділіктің мерекесі. Бұл мереке біздің әрқайсымыз үшін бізге, біздің балаларымызға және немерелерімізге болашақ сыйлаған маңызды мереке болып табылады.
Жеңіс күнін тойлай отырып, біз Отанымызды қорғап, осы уақытқа дейін өмір сүргендерге құрмет білдіреміз. Ұлы Жеңіс бейбіт өмірге, өркендеу мен өскелең ұрпақтың табысты болуына, бүгінгі егемендігімізбен тәуелсіздігімізге жол ашты. «9 мамыр- бұл әрқайсысымыздың ұлтымызға, мамандығымызға және дінге сенушілігімізге қарамастан барлығымызды бір адамдай біріктіретін ерекше күн».
Сондай ақ, «9 мамыр- қуанышты және ұмытылмайтын, әкеден тараған ұрпаққа бала мен немеренің басын қосатын күн. Ұлы Отан Соғыс жылдарында ерлігі мен жігерін аяндаған тұлғалар қазіргі ұрпақтың мақтанышы, олар үшін еркіндік, абырой, мемлекеттің болашағы жоғарғы орында.
Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне ұзақ өмір, бақыт, қуаныш және дендеріне саулық тілей отыра, шексіз алғысымызды білдіреміз.
Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Ол күндерді әрқашан жадымызда сақтап, Сіздерге бас иеміз.
Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев