• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӨНЕ ТАРАЗДАН КИЕЛІ МЕКЕН ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУ

13.11.2021
0
КӨНЕ ТАРАЗДАН КИЕЛІ МЕКЕН ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУ
362
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының Түркістан облысындағы мәдени күндері басталды.

Жамбыл облысының мәдени күндерінің бағдарламасына сәйкес, «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен ұйымдастырылып, керуенді Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев қарсы алды. Керуеннен кейін сахналық қойылым көрсетіліп, мәдениет күндерінің алғы сөздерді екі облыс әкімі бастады. 

  • ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әрі қолдауымен Түркістан аз ғана уақытта түрленіп, тамаша кейіпке енді. Облыс орталығы атанғанына бірер жыл ғана өтсе де, қандай керемет қалаға айналғанына сіздер мен біздер куә боп отырмыз. Мәдениет пен руханияттың орталығы болып қалыптасты. Түркістан гүлденсе, барша қазақтың мерейі тасиды десек артық емес, өйткені, бұл шаһар – ер Түріктің бесігі саналады. Жамбыл облысының Түркістандағы күндері – екі өңірдің рухани-мәдени байланысын арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған. Жамбылдықтар да киелі қаланың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Біз Тараз қаласын Түркістан қаласына туристік серіктес ретінде қалыптастыруды мақсат етіп отырмыз Жамбылдықтардың керуенін ыстық ықыласпен қарсы алып жатқан сіздерге үлкен алғыс айтамыз,- деген Бердібек Сапарбаев шараның маңыздылығын атап өтті.

Өмірзақ Естайұлына Жамбыл облыстық кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты кітап экспозициясын,  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» тақырыбындағы жылжымалы көрмесі таныстырылды. 

Ал, Өмірзақ Шөкеев өз кезегінде “Visit centre”, “Түркістан оқушылар сарайы” жұмысымен таныстырды. Бердібек Мәшбекұлы оқушылар сарайының ішіндегі жаңашылдықтарды  Дәулет Кәрібек пен Ержан Жылқыбаевқа назар алуларын тапсырды. 

Бірінші күннің аяғы “Конгресс холлда” эстрадалық әншілер арасында “Түркістан дауысы” байқауын тамашалады. Байқаудың қазылар алқасында Композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал эстрада әншісі, композитор, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Маржан Арапбаева; ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, композитор, продюсер Қайрат Баекенов; «Құрмет» орденінің иегері, композитор, ән өңдеуші Хамит Шанғалиев; Халықаралық «Славянский базар» фестивалінің Гран-при иегері, әнші Рухия Байдукенова қазылық етті. Жамбыл облысы атынан қатысқан Қымбат Жамбылбек 1 орын иеленді.

Екінші күні Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі, Жамбыл және Түркістан бизнесмендерінің TedX форматындағы кездесу, “Тараздан Түркістанға Шашу” атты мерекелік концерт көрсетілмек.

Тегтер: Бердібек СапарбаевӨмірзақ Шөкеев

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты