2019 жылы Асқар Мырзахметовтың бастауымен «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі» пилоттық жоба бастау алып, 2020 жылы тоқтап қалып, 2021 жылы өз жалғасын табуда. Қазіргі уақытта үш ауылдық округтің кредит алуға өтінімдері қаралуда. Олар: Байзақ ауданы, Үлгілі ауылдық округі; Жамбыл ауданы, Өрнек ауылдық округі; Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округі.
2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі» пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша жалпы алғанда 9,2 млрд теңге кредиттік қаражат игерілді.
Жобаға облыстың 10 ауданының 11 пилоттық ауылдық округінің 25 елді мекенінен 2478 тұрғын және 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі қатысып, несие алды.
Жоба 5 бағыт бойынша іске асырылды.
1 – бағыт. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану 95%-ға арттыру.
2 – бағыт. Мал шаруашылығы бағытын дамытуға 6,4 млрд теңге қаржыға 45 032 бас мал сатып алынды.
3 – бағыт. Елді мекеннен тыс 10 113 га пай жер тиімді пайдаланылды.
4 – бағыт. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 972,4 млн теңгеге 190 дана техника сатып алынды.
5 – бағыт. Жергілікті тұрғындарға шағын бизнес ашу үшін 56,2 млн теңгеге 11 жоба қаржыландырылып, шағын цехтар өз жұмыстарын жүргізуде.
Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде қол жеткізілген нәтижелерді атап өтуге болады:
жеке кәсіпкерлер саны 2 282 артты;
жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішінде экономикалық тиімділік 14,9 млрд теңгені құрайды (бір жылда 2,98 млрд теңге);
жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді (528-ден 334-ке дейін);
589 жаңа жұмыс орны ашылды;
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 отбасыға немесе 65% кеміді, (1615-тен 557 отбасыға). Атаулы әлеуметтік көмек төлеу есебінен үнемделген қаражат – 1 039 млн теңге;
қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге, немесе 165% артты.
Осы нәтижелерге сыни пікірмен қарағандар да бар. Олардың сұрақтарына “Тараз” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Ақтанәлі Исмаил жауап берді.
– Біз қарызға Үкіметтен 0,1% алып, 2,5% тұрғындарға кредит бердік. Осы жылы қуаңшылық орын алды. Бізден кредит алғандардан екі ауданда малдары қырылды. Жамбыл ауданында Бесағашта 3 ірі қара. Сарысудан 4-еу. Кредит алғандардан КВИден 3 адам қайтыс болды. Қазігі уақытта мұрагерлікпен кімге өтетіндігі туралы сотпен шешім қабылданбақ. Төлемдерді кешіктірген 13 кредит алушы бар. Айта кетерлігі, олар үшін ыңғайлы кесте жасалған. Олар айына, жарты жылда немесе жылына бір реттік төлем арқылы кредиттерін өтей алады. Қазіргі уақытта сотта 6 кредит алушының мәселесі қаралуда. Олар көбі берілген қаражатты нысаналы мақсатта қолданбағандықтары анықталып отыр.
“Тараз” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ең төмеңгі жалақысы 138 мың тг, ең көбі 450 мың тг жуық жалақы алады екен. 7,2 млрд теңгені он бір ауылдық округ тұрғындарына таратып беру қызметіне 159 млн теңге алған болатынбыз, – дейді Ақтанәлі Исмаил.
Кредит беруші “Тараз” микроқаржылық ұйымның негізін 9 серіктес құрылтайшылық еткен. Қазіргі уақытта екі ұйымда 51% үлес болса, “Тараз” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында 49% үлес тиесілі екен.
Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылының тұрғыны Маржан Халықова айтуынша 3 миллион кредит алған, 5 бас сиыр, 2 бас жылқы алып. Сүт-айран, мал басы көбейіп біраз, жақсы боп қалды. Тағы болса тағы алам, тағы мал басын көбейтемін дейді.
Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінің тұрғыны айту бойынша 4 миллион қаражат алып, 3 жарым миллионына 15 бас бұқа, 500 мың теңгесіне жем, шөп алды. Содан бері бұқаларды 6 ай бойы бағып, етпен өткізіп жатқан жайым бар. Осымен өзімді, отбасымды осы жобамен,осы бизнесіммен бағып отырмын. Негізі жақсы жоба,өте. Өзімнің отбасымның атынан,осы тұрғындардың атынан, облыс әкімінің басшылықтарына үлкен-үлкен рахметімізді айтамыз деді.
ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
«Тараз «ӘКК» АҚ өңір халқына микрокредиттер түрінде ақша қаражатын, сондай-ақ қолайлы шарттар бойынша қаржы лизингіне беру арқылы қажетті жабдық пен техниканы беретін болады, бұл жұмыссыздықты қысқартуға, сол сияқты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қысқартуға ықпал етеді.
«Тараз «ӘКК» АҚ-ның осы жобаға қатысуының негізгі міндеті өңір кәсіпкерлерін қолдау болып табылады.
Агенттік ары қарайда осы жобаның жүзеге асыру бойынша бақылау жүргізетін боламыз.