Құмтүйін-Өрнек-Ерназар бағытындағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымға жуық жол асфальттануда.
Өрнек, Ерназар ауылдары тұрғындары осы бір аралықтағы жолдың кедірі көлік қозғалтқышы бөлігінің зақымдануына үлкен әсерін тигізіп жатқаны туралы әлеуметтік желіде шағымын айтып, жолды ретке келтіруін сұранған болатын.
Жұртшылықтың сауалын назарға алған Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бюджеттік нақтылауда осы бағыттағы жолға ақша қарастырып, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлетті.
Міне, «Сөзден — іске» демекші, бүгінде сол талап-тілек орындалу үстінде.
Құрылыс жұмыстарын «ТаразКөлікЖолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ені 7 метрге жететін аудандық мәндегі жолға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі