Бүгінгі таңда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы ерекше. Қоғамның барлық саласында маңызды рөл атқаратын әлеуметтік желінің бүгінгі таңда қолданушылары көп. Ақпарат алмасудан бастап, жұмыс беруші мен іздеушінің негізгі құралына айналды, тіпті, халық тарапынан кейбір мәселелердің шешілуіне өз септігін тигізуде. Мәселен Байзақ ауданының оң имиджін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде, баспасөз беттерінде бірнеше материал жарияланып, нәтижесінде халықпен кері байланыс орнатылуда. Қазіргі кезде аудан әкімдігінің парақшасына желі қолданушылары тарапынан 89 сұрақ түсіп, сұрақтардың барлығына дер кезінде жауаптар берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, Байзақ ауданына қарасты Базарбай ауылында жалпы 162 аула және 722 тұрғын қоныстанған. Елді мекенде ауыз су жүйесі мүлдем болмаған. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 2 наурызында Базарбай ауылының тұрғындарынан аудан әкімдігіне келіп түскен арыз, шағымдарды ескере келе 2020 жылы Базарбай ауылындағы су құбыры желілері және су қабылдау ғимараттарының құрылысына жергілікті бюджеттен 9672,1 мың теңге қарастырылып, «Каспий құрылыс басқармасы – Шымкент» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, «Tech Group KZ» ЖШС-і арқылы сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны 429503,42 мың теңгені құраған. Ағымдағы жылы, аталған жобаны іске асыру мақсатында 396850,7 мың теңгеге «Радикон» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, елді мекендегі тұрғындар таза ауыз сумен қамтылып, әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсаратын болады.
Сондай-ақ Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында жалпы 337 аула және 2085 тұрғын қоныстанған. Елді мекенде ауыз су жүйесі мүлдем болмаған. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Үлгілі ауылының тұрғындарынан аудан әкімдігіне келіп түскен арыз, шағымдарды ескере келе 2020 жылы Үлгілі ауылындағы су құбыры желілері және су қабылдау имараттарының құрылысына жергілікті бюджеттен 16637,0 мың теңге қарастырылып, «Каспий құрылыс басқармасы – Шымкент» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, «Tech Group KZ» ЖШС-і арқылы сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны 606544,9 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылы, аталған жобаны іске асыру мақсатында 563348,9 мың теңгеге «БАҚ-INDUSTRY» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, елді мекендегі тұрғындар таза ауыз сумен қамтылып, әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсаратын болады.
Байзақ ауданына қарасты Қызыл жұлдыз ауылында жалпы 945 аула және 6120 тұрғын қоныстанған. Елді мекенге су құбыры желілері 1986 жылы жүргізілген. 2009-2011 жылдар аралығында қосымша 3 көшеге (92 аула) су құбырлары тартылған. Қазіргі таңда, ауыл ішіндегі су құбырларының ескіруіне және күрделі жөндеу жұмыстарының болмауына байланысты су құбырының жарылуы және т.б. себептердің орын алуы салдарынан тұрғындарға ауыз су берілу қалыптары бұзылуда. Бұл өз кезегінде тұрғындар тарапынан наразылық туғызуда.
Қызыл жұлдыз ауылындағы су құбыры 1986 жылы темір құбырлармен жүргізілгендіктен, кей көшелерде су құбырларының жарамсыз жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты, аудан әкімдігі тарапынан Қызыл жұлдыз ауылындағы су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме «Тараз-Даниял и К» ЖШС-мен ағымдағы жылдың 26 шілдесінде №61 келісім шарт жасалынып, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 446590,6 мың теңгені құрайды. Су құбыры желілері және су қабылдау ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған жағдайда, су берілу жұмыстары еш кедергісіз және тәулік бойы тоқтаусыз берілуіне септігін тигізері анық.
Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылында жалпы 746 аула және 3920 тұрғын қоныстанған. Елді мекенге ауыз су жүйесі жүргізілген. Алайда, «Нұр» массиві ауыз су жүйесіне қосылмаған. Себебі, аталған массивте 2019 жылдан бастап жеке тұрғын үйлер соғылуда. Бүгінгі күнге, 70-тен аса аула бар. Құмжота ауылы, «Нұр» массивінің тұрғындарынан аудан әкімдігіне келіп түскен арыз, шағымдары бойынша, Құмжота ауылы «Нұр» массивін ауыз сумен қамту мақсатында, 2020 жылы «Азимут» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы жобаның құны 82573,8 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылы, аталған жобаны іске асыру мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында тиісті қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталды. Конкурс нәтижесінде жеңімпаз мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізіп, «Нұр» массивінің тұрғындарын ауыз сумен қамтитын болады.
Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округі, Жетібай ауылы тұрғындарының арыз, шағымдарын ескере келе ағымдағы жылы Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық автожолын орта жөндеуден өткізу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 383469,0 мың теңге бөлініп, «Айя Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болады. Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округі, ст.Талас тұрғындарының арыз, шағымдарын ескере келе ағымдағы жылы Тараз-ст.Талас автожолын орта жөндеуден өткізу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 75064,0 мың теңге бөлініп, «Рауан» ЖШС-мен келісім шарт жасалынған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы аяқталатын болады.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды