Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация жалғасуда. Үндістанның дельта коронавирусының штаммы алдыңғы нұсқалардан несімен ерекшеленеді, не үшін вакцина еккізу керек, ұжымдық иммунитет дегеніміз не? Бұл сұрақтарға Жамбыл облысының штаттан тыс бас инфекционисты Гүлфайра Мирзабекова жауап берді:
— Коронавирустық пандемияның екінші жылы келе жатыр. Осы жазда вирустың ең белсенді Үнді штаммы-Дельта, ол жылдам таралуымен және аурудың ауыр ағымымен ерекшеленеді. Егер коронавирустың Ухань нұсқасынан бір адамнан төрт адамға дейін жұқтырған болса, бұл жағдайда жеті адамға дейін жұқтырылуы мүмкін. Дельта-штаммының жасырын кезеңі небары жеті күнді құрайды. Белгілері бойынша «Дельта» суық тиіп ауырғанға ұқсас болады және бұл штаммды негізінен жастар жұқтырады. Сонымен қатар олар COVID-19-ды жеңіл ауру санап, белсенді өмір сүруді жалғастыра отырып, ауру тарады. Аурудың негізгі белгілері — бас ауруы, мұрыннан су ағу — риновирус сияқты, дене қызуының жоғары көтерілуі, тамақтың, іштің ауруы, құсу, диарея. Әдетте иіс сезу жоғалмайды және жөтел болмайды. Аурудың алғашқы белгілері байқалса COVID-19-ға ПТР тест өткізу ұсынылады. Дегенмен, жағдай бақылаудан шыққан жоқ. Егер жаңа қауіпті аурудың таралуының бастапқы кезеңінде бүкіл әлемде инфекциялық бөлімдерде орындардың жетіспеушілігі, дәрілер мен өкпені жасанды желдету құрылғыларының тапшылығы байқалса, қазір дәрігерлер бұл ауру туралы көп біледі, жақсы дәлелденген дәрілер бар, вакциналар әзірленді, халықты жаппай иммундау жүріп жатыр, дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектер бар, — дейді облыстың штаттан тыс бас инфекционисты.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған өңірдің алғашқы медицина қызметкерлерінің қатарында 35 жылдық тәжірибесі бар инфекционист өзін қорғаудың ең жақсы әдісі – вакцинация екенін еске салды.
— COVID-19 одан әрі таралуын болдырмаудағы маңызды қадам – жалпы иммундау. Бұл өзіңізді, жақындарыңызды және әріптестеріңізді қауіпті инфекциядан қорғаудың ең сенімді және тиімді әдісі. Алайда, өкінішке орай, адамдардың денсаулығына байланысты бәрі бірдей егілмеуі мүмкін. Олар екпеге қарсы көрсетілімдері бар науқастар. Бұл жағдайда ұжымдық иммунитет көмектеседі. Яғни, біз ұжымдық иммунитетті неғұрлым тез дамытсақ, соғұрлым тезірек біздің облысымыздың және бүкіл елдің тұрғындары арасында коронавирустың таралуын тоқтата аламыз. Бұл пандемияның құлдырауының басты шарты, — деді Г.Мирзабекова.
Көп жағдайда адам барлық аурулардан түрлі егулермен қорғалған. Бірақ екпеден кейін ауырып қалу қаупі бар, мысалы, коронавируспен ауыратын науқастарда қайталанатын ауру болған жағдайда, тіпті адамның жеке иммунитеті әрқашан аурудан қорғамайды. Мұндай жағдайларда вакцина адамды аурудың ауыр ағымынан және ауыр асқынулардан, өлімнен қорғайтынын білу керек.
— Коронавирусқа қарсы екпе адамның инфекцияны жұқтыра алмайтындығына толық кепілдік бермейді. Бұл дененің иммундық реакцияны бірден жасамайтындығына байланысты. Алайда, медицина ғалымдарының пікірінше, вакцинацияланған адамдарда коронавирусты жұқтыру қаупі 8 еседен астам төмендейді, ал жұқтырған жағдайда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу қаупі 25 есе азаяды және сәйкесінше өлім қаупі де төмендейді. Барлықтарыңызды коронавирустық инфекцияға қарсы егілуге шақырамын, ол үшін барлық жағдай жасалған, егу пункттері жұмыс істеуде, — деді жамбылдықтарға Гүлфайра Мирзабекова