• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Оңтайландыру ісі Жамбыл облысы аумағында қалай жүруде?

turan_admin turan_admin
29.07.2021, 14:08
Облыс жаңалықтары
Оңтайландыру ісі Жамбыл облысы аумағында қалай жүруде?
317
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өңірде қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын 80 шақты ұйым бар. Оның 63-і шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болса, 15-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2-еуі акционерлік қоғам.

Былтыр 58 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жылды оң нәтижемен аяқтап, жалпы сомасы 721,4 миллион теңге таза кіріспен шыққан екен. Алдыңғы жылмен салыстырғанда таза табыс мөлшері 378,8 миллион теңгеге көбейген. Ал 5 ұйым жалпы 930 миллион теңге шамасында шығынмен аяқтапты. Бұл коммуналдық меншік ұйымдарының жалпы санының 8 пайызын құрайды. Оның ішінде облыстық көпбейінді ауруханасы 469,3 миллион теңге шығынмен шықса, «Тараз-Арена» спорт кешені 162 миллион теңгеге жуық қаражат шығындаған. «Жамбыл Су», «Жаңатас Су-Жылу», Төле би мамандандырылған көп салалы кәсіпорындарының да шығындары аз емес. Десе де бұл көрсеткіштер 2019 жылмен салыстырғанда 2 ұйымға азайып, шығындар мөлшері 311,4 миллион теңгеге төмендеген.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында осы мәселелер жан-жақты сөз болып, саладағы проблемалар жіті талқыланды. Онда алдымен облыс әкімдігі қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әкектің баяндамасы тыңдалды. Жылды шығынмен қорытындылаған мекемелердің қаржылық шаруашылығы туралы әңгімелеген ол өңірдегі оңтайландыру шараларына тоқталды.

– Президент Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарға бағынысты ұйымдардың санын азайту, бәсекелес ортаға беру, оларды оңтайландыру және әкімшілік  шығындарды азайту қажеттігіне ерекше назар аударды. Аймақтағы квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру, қайта құру және тарату жұмыстары 2018 жылы басталды және кезең-кезеңімен жүргізіліп отыр. Айталық, 2018-2020 жылдардағы жұмыс нәтижесінде 1 578 штат қысқарды, ол әкімшілік шығындарды 1 128 миллион теңгеге үнемдеуге мүмкіндік берді. Жыл басынан бері 24 штат қысқарып, 21,1 миллион теңге үнемделді, – деді Батырхан Базарбайұлы.

Жекешелендіру төңірегінде сөз қозғаған баяндамашы мұндағы мақсат мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарды бәсекелес ортаға беру және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту екенін айтты. Аймақтағы жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жалпы орындалған. Тек іске асырылмағаны – Тараз қаласы әкімдігінің «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС. Бұл ұйым келесі бесжылдыққа арналған кешенді жоспарға еніп тұр. Сонымен қатар №7 қалалық емхананы сенімгерлік басқаруға алған «Даримет» медициналық орталығы өзіне алған міндеттемелерді орындамауына байланысты келісімшарт соттың шешімімен бұзылған.

Жиын барысында облыс әкімі Бердібек Машбекұлы жылды шығынмен аяқтаған кәсіпорындар мен ұйымдарға жауапты мамандардың есептерін де тыңдады. Сонымен бірге коммуналдық ұйымдар және оларды оңтайландыру, олардың жағдайы, коммуналдық және жеке меншікке сатылып кеткен, пайдаланылмай отырған ғимараттар мәселелері төңірегіндегі жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

– Бос тұрған ғимараттарды, егер пайдалануға жарайтын болса, жеке кәсіпкерлердің игілігіне беру жолдарын қарастыру қажет. Әр нәрседен пайда көру – аса маңызды. Сол сияқты, коммуналдық мекемелер де шығынды шектеп, пайдаға жұмыс істеуді ойластырсын. Олай болмаған жағдайда, басшылықты ауыстыруға тура келеді. Қаржы басқармасы тиісті қаржыны бөліп беріп қойып, қарап отырмай, оның игерілуін бақылауларына алсын, – деді өңір басшысы.

Отырысқа қатысушылар да ойлары мен пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Осы мәселені айына бір мәрте пысықтап, талқылап отыруға уағдаласты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.