• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚАЛА КӨРКІ ЖАҒАЛАУ МА?

19.07.2021
0
ҚАЛА КӨРКІ ЖАҒАЛАУ МА?
486
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2000 жылдық тарихы бар Тараз шаһары ғасырлар тол­ға­­ғының ғаламат туындысы. Тасын түрт­сең  тарихы көрінетін қаланың бүгінде көркіне көрік қосылып, тотыдай тарана түсуде. Қаланың жұмыс аптасы мен күнделікті кешқұрым уақытында демалатын демалыс орындар мен саябақтар қолданысқа беріліп,  қала ажары ашылуда.

Тараз қаласының көркеюіне сүбелі үлес қосқан Асқар Мырзахметовтың “Үшбұлақ” каналы жағалауы қылып, 2018 жыл халық қолданыса берілген болатын. Ол туралы қоғам белсендісі, қала тұрғыны Жанна Мамашева былай дейді: 

  • Қалада бұрын “Үшбұлақ” каналы жағалауы жобасы болған жоқ. Өте ерекше, әдемі мәдениетті жоба деп айтсақ болады және бұрын ол жерде болған өсіп кеткен қамыс жағалау есімізде. Облыс орталығының тарихы бай, көне Таразға өте лайықты жер деп айтсақ болады.  Кезінде Асқар Мырзахметовтың Т270 млн шығын кетті дегенде қатты сынаған болатынмын, бекер екен. Мысалға алатын болсақ Алматы қаласында “Алматинка” каналының бойынша мұндай әдемілікті көре алмайсыздар, ал елордада Есілдің жағалау өте керемет. Негізі қала әкімдігіне ұсынысым жастарға бос уақытын өткізетін орынға айналу керек. Жастардың идеясымен кафелер, бутиктер іске қосылып, кеңестік үкіметтен қалған “шарик марикті” гөрі жоғары деңгейлі бір шыны шәй мен кофе ішетіндей әдемі орындар көбейсе екен. Ішімдік сатылмау керек. Сол жерде түрлі іс шаралар өткізіп, кешке оркестр ойнайтындай жағдай болса екен. Жағалау жобасы қалаға өте қажет. 

 

 

“ҮШБҰЛАҚ” КАНАЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ЖАҒАЛАУ ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?

Көп жылдан бері «Үшбұлақ» каналының жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сынға да ұшыраған болатын. Бүгін сол олқылықтың орны толып, «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жоба аясында Тараздағы «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді.Жалпы 6,5 гектар жер абаттандырылып, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ал мұндағы көпірдің ұзындығы 72 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Сонымен қатар, бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге дейін кеңейді. Ал мұнда келіп демалушылар үшін 5 аққу, 4 үйрек пен ақ амур және карп сияқты барлығы 3000-ға жуық балық жіберілген. Аталған жағалауда каналға шығатын 3 пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар мен суда жүзуге арналған катамарандар қойылған. Ал каналдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Қала тұрғыны Бауыржан Мөрбековтің айтуынша “Тараз —  жасыл қала, талдар көп, спорттық алаңдарды көптеп орналастырып, әдемі болатын еді. Қазіргі таңда “Таразға Тарту” деген жақсы жоба болып жатыр деп естідім. Өзім жағалауға келіп таң азанмен жаттығу жасаймын, көңілімнен шығады. Осындай орынды “Қарасу” каналынан да ашса дұрыс болар еді деп есептеймін деді. 




 

ЖАҒАЛАУДА ҚАНДАЙ ДЕМАЛЫС ОШАҚТАРЫ БАР?

Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі “Жасыл Ел Тараз” мекемесінің  рұқсатымен 2,3 гектар жер телімі нысаналы мақсатта жеке кәсіпкерге тапсырылып, Ғабдулла Аблезовке жерді абаттандырып, қала тұрғындарының демалыс орын қылып ұстап сақтауға берілген болатын. Қазіргі таңда ол жерге 200 млн астам инвестиция құйылып, 17 атаулы нысан қойылды. Тұрғын пайдалану үшін нысан құны қаладағы ең төмеңгі, 300-500 теңге аралығында, алдағы уақытта үлкен “айналмалы дөңгелек” (колесо обозрение) қойылу жоспарда бар деп ойымен бөлісті Ғабдулла Нуридинұлы. 

Нысандар: Картингке арналған трасса, америкалық жарыстар, балалар арналған ойыншық машиналар, велосипед, дартс, силомер, 9D және 10D видео көру алаңы, жүлде ату алаңы, паровоздар, ролл бассейндер, балаларға арналған балық аулау, кафетерии, лабиринт, батут, футболдық алаң мен әмбебап алаң қолданысқа берілген.

 

1 туралы 9
- +

КӘСІПКЕР ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТ ОРЫНДАЙ МА?

Бүгінгі таңда кәсіпкердің айтуынша 0-18 жас аралығындағы мүгедек балаларға барлық нысандар ТЕГІН. Тек ол үшін жеке куәлігі мен мүгедектігі растайтын құжаттың көшірмесі жеткілікті. Спорттық алаңдарымызды қайырымдылыққа, спорттық жарыс өткізуге ақысыз берудеміз. Қала тұрғындарының барынша ұсыныс пікірлерін ескеруді жөн көреміз (CALL centre +7 700 775 3218). Қажетті уақытта көпбалалы отбасыларына мектепке дайындық кезінде көмек қолымызды созып тұрамыз. Бірақ оны жария салғанды жөн санамаймыз деді  Ғабдулла Аблезов.

Қорыта келе, қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналған жағалау идеясы Асқар Мырзахметовтың зор еңбегі. Оны пайдаланып жатқан халықтың алғысы шексіз екенін айта кеткен жөн. 

TURANINFO.KZ

Тегтер: Ғадулла АблезовжағалауТаразүшбұлақ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты