Жаңа нормаларға сәйкес, шілде-желтоқсан айларында өкілеттілігі аяқталатын және өз өтініштері бойынша жұмыстан босаған облыстың 41 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді.
Бұл науқанның жөні бөлек. Себебі мұндай саяси науқан елімізде алғашқы рет өткізілмек. 2013 жылдан бері ауылдық округ әкімдері тек маслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы сайланса, биылдан бастап өз әкімдерін халық таңдайтын болады.
Сайлау барысында облыстың 10 ауданында «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдарының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті.
Күн тәртібінде ауылдық округтердің әкімдеріне «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.
Жалпы, бастауыш партия ұйымдарында барлығы 222 жиналыс өткізіліп, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына өз кандидаттарын ұсыну бойынша партия мүшелерінен өтініштер қаралып, кандидатуралар конференцияның қарауына енгізген болатын. Нәтижесінде облыс бойынша партиядан 31 кандидат ұсынылды
Айта кету керек, ауылдық округ әкімдерін сайлау 25 шілдеге белгіленген.