2020 жылдың 29 маусымда Жуалы аудандық орталық емхананың лаборанты Фарида Жанбатырова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Видеоүндеуде медицина қызметкері Фарида Қанатбекқызы карантин кезінде індеттің алдын алу шараларына байланысты бірінші бекетте рентген лаборант болып жұмыс істеген. Оның сөзінше, басшылар үкіметтен берілген қаржыны қайтаруын талап еткен.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының судьясы Байжан Жамалбекұлы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай – ҚК) 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Абзал Даулетбаевич Байториевқа, ҚР ҚКның 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Хамза Рахманкулович Омановқа, ҚР ҚК-ның 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Эльмира Аманкелдиевна Мырзалиеваға қатысты қылмыстық ісін қарап төмендегідей СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Абзал Даулетбаевич Байториев КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛСЫН, 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Хамза Рахманкулович Оманов КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛСЫН, 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Эльмира Аманкелдиевна Мырзалиева КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛСЫН, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын;
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
TURANINFO.KZ