• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Тар заман: Репрессия құрбандары қаншалықты ақталып жатыр

28.05.2021
0
Тар заман: Репрессия құрбандары қаншалықты ақталып жатыр
536
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған «Азаматтық алаң» отырысында тарихшылар мен қоғам белсенділері Кеңес одағы кезінде саяси қуғын- сүргінге ұшыраған құрбандардың ақталу мәселесін талқылады.

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Миллондаған адам бас бостандығынан айырылды, мыңдаған арыстарымыз жазықсыз атылып, халықтың көбі ашаршылық құрбаны болды.

Сол заманның соқыр саясатының құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде мемлекеттік деңгейде іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданып, 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен былтыр тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия жұмысын бастады.

Отырысқа төрағалық еткен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице- министрі Болат Тілепов Репрессия құрбандарын ақтау күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі екенін айтып өтті.

«31 мамыр – мереке емес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл мәселе бойынша өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Қазіргі таңда үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Ең алдымен ғылыми негіздемесін жасап, соның қорытындысы бойынша мемлекеттік идеологияны жүргіземіз», — деді Болат Болат Тілепов.

Отырыс барысында Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Хангелді Әбжанов зобалаң құрбандары болған Алаш арыстарын ардақтау мәселесінде қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Қай заманда болмасын, қай қоғамда болмасын, адамның басты байлығы – өмірі, денсаулығы және бостандығы. Осы үш құндылықтың айрықша сезілген дәуірі отарлаушы кезеңдер. Репрессия кезеңі өте ауыр зобалаң болды. Талай арыстарымыз жазықсыз жазаланып, талай қазақ бозып кетті.

Бүгінде соларды ақтау жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы Саяси қуғын- сүргін құрбандарын ақтау жайлы Мемлекеттік комиссия құрылғанымен қазіргі таңда 10-20 мың емес, жүздеген мың адам ақталмай әлі жатыр. Ақтау процессі әлі да баяу жүріп жатқандай көрінеді. Көп создырудың қажеті жоқ. Бір ғана шешім керек. Саяси баға беріп, бір ғана құжатпен барлығын ақтау қажет. Ал одан кейін процесс тоқтамастан жүре береді. Бастысы, қазір барлығын бір ғана шешіммен ақтау ғана қалып тұр», – деп атап өтті Хангелді Әбжанов.

Ал Кеңес одағы кезіндегі оспадар саясат туралы Тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Шәмек Тілеубаев айтып берді.

«Экономикалық саботаж деген мәселе де бар. Олар да жазықсыз жазаланды. Олар енді кәдімгі шаруалар. Жоспарланған салықты төлей алмағандары үшін жазықты болды. Ал қандай салық дейсіз бе? Жұмыртқаға салық салған. Қазіргі қазақтар ғой, тауық ұстайтын. Ол кезде қазақтар арасында үй құстарын асырау деген сирек кездескен. Міне, осындай оспадар саясатты пайдаланған Кеңес үкіметі қазақтарды осылай қыра берген», — деді Шәмек Тілеубаев.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысқан «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Гүлмира Сұлтанғазы Репрессияға байланысты құжаттардың көбі Грузия мен Украинада сақталғандығын алға тартып, сол елдердің ғалымдарымен келісім жасау арқылы архивтерге қол жеткізу қажеттігін айтса, «Шалқар» радиосының директоры, Философия ғылымдарының докторы Болатбек Төлепберген Алаш арыстары әлі дұрыс ардақталмай жатқандығын жеткізіп, телеарналарда фильмдерді, баспасөздерде фотоальбомдарды жариялау қажет деген пікір айтты. Ал «Қазақ жастары Алаш арыстарын ардақтай алып жүр ме?» тақырыбында «Айқын» газетінің жауапты хатшысы Амангелді Құрметұлы әлеуметтік желілерге жарияланып жүрген Алаш арыстары туралы контентке де құзырлы органдар тарапынан бақылаудың болуы керектігін жеткізді.

Айта кетейік, «Азаматтық алаң» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму  институты ұйымдастырды. Оған тарихшылар, қоғам белсенділері, емлекеттік қызметкерлер, блогерлер, журналистер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жалпы танымал тұлғалар қатысты. «Азаматтық алаң» отырысында көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар тиісті органдарға ұсыным ретінде жіберілетін болады.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты