26 мамырдан 19 маусымға дейін облыстағы барлық мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырылады. Онда үлгерімі төмен оқушыларға назар аударылады. Мектепке кез келген оқушы ерікті түрде келіп, білімін арттыра алады. Бұд қызмет түрі қосымша қаржыландыруды қажет етпейді.
Жазғы мектепте 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары қашықтықтан және аралас форматта, 1-5 сынып оқушылары аралас форматта білім алады. Баласын жазғы мектепке оқытқысы келген ата-ана мектепке өтініш қалдыруы керек.
Жазғы мектепте педагогтар осы жылға бекітілген жүктеме аясында жұмыс істейтін болады. Сондықтан қосымша қаржы қарастырылмайды. Ал жазғы демалысқа ұстаздар 19 маусымнан кейін шыға алады.
Айта кету керек, мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталады.
9 (10) сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 28 мамыр мен 5 маусым аралығында, 11 сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді.
Жалпы биылғы оқу жылын облыстағы 238 мыңнан астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың 11 мыңнан астамы — 11 (12) сынып түлектері болса, 20 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.