• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жыл соңына дейін 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

05.05.2021
0
Жыл соңына дейін 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда
271
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде «2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы және «Асарлатып үй салу» жобасының орындалуы барысы сараланды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев өткен жылы жалпы сомасы 14,8 миллиард теңге болатын жеті инвестициялық жобаның жүзеге асырылғанын жеткізді. Олар «Әмір және Д» (экспресс-тест шығару), «Grand Foods Premuim» (жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу цехы), «Байтұр» (сүт өңдеу зауыты), «Империя» ЖК (балмұздақ өндіру цехы), «Элнур Адил Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ұн тарту өнімдерін шығару), «Тараз арматуралық зауыты» (арматура шығару), «Джон Бан МеталлПром» (мырыш окциді, қорғасын өндірісі) компанияларымен іске асқан.

— Алайда, өндіріс орындарының барлығы бірдей жобалық қуатына шыға алған жоқ. Тараз арматуралық зауытының жұмысы уақытша жұмыс тоқтап тұр, себебі қондырғыларды орнататын қытайлық мамандар келе алмауда, «Джон Бан МеталлПром» ЖШС шикізатқа байланысты мәселелерді бастан кешуде. Екі кәсіпорын да Тараз қаласында орналасқан, — деп атап өтті А.Сейсебаев.

Өңірлік Индустрияландыру картасына 2025 жылға дейін сомасы 1,8 триллион теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба енген.

Ағымдағы жыл соңына дейін бағдарлама аясында жалпы құны 435 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылады деп көзделуде. Олар: «Жабатаева Л. К» ЖК (көкөністерді сақтауға арналған қоймалар), «BioVet KZ» ЖШС (ветеринариялық препараттар өндіру бойынша биокомбинат), «Kisc» ЖШС (құю цехын жаңғырту), «Turan Industry» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру), «Дәмді себет» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Korday fish» ЖШС (балық консервілері), «GoldenCompassCapital» АҚ (құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу), «Ақ мол» (құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салудың II кезеңі), «BestYard» (балық өнімдерін өңдеу), БХК және «Хим-плюс» ЖШС еншілес компаниясы (химиялық кешен), «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС (Минералды тыңайтқыштар өндіру зауыты).

Бұл жобалардың нәтижесінде 2909 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Аспандияр Сейсебаев бүгінгі таңда барлық жобалар 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болғанын тілге тиек етті.

— Құрылыс-монтаж жұмыстарының 65 пайызы аяқталды. Ағымдағы жылдың екінші жартысында зауыттардағы қондырғылар орнатылады. Бастапқы кезеңде шикізатқа қатысты мәселелер болмауы керек, — деп сендірді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол Тараз қаласы және аудан әкімдіктері тарапынан инвестициялық жобалар мен қолданыстағы өндірістерді жаңғырту бойынша нақты ұсыныстардың жоқтығын атап өтті.

— Әрбір жобаның іске қосылуына ғана назар аударып қоймай, оларды алдағы уақытта шикізатпен қамтамасыз ету, өнімді сату мен экспорттауды бақылау, толық жобалық қуатқа шығу қажет деп санаймын, — деп атап өтті ол.

Аймақ басшысы аудан әкімдеріне аталған мәселелерді тиісті басқармамен және қаржылық ұйымдармен бірлесіп шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

— Бизнесті мемлекеттік қолдаудың тиімді жолдарының бірі – жер телімдерімен қамтамасыз ету. Осы орайда кәсіпкерлердің бос жерлер туралы хабардар болып отыруы үшін бұған дейін геопорталды іске қосуды тапсырған болатынмын, сол жұмысты жеделдету қажет, — деп облыс әкімі.

Басқосуда «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 6,5 миллиард теңге бөлінгендігі, ол өткен жылмен салыстырғанда бес есеге көп екендігі айтылды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында бүгінге дейін 2,6 миллиард теңге игерілген. Оның ішінде бағдарлама құралдары бағытында «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша жалпы несие сомасы 7 миллиард 542,1 миллион теңгені құрайтын 606 жоба қаржыландырылып, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бағытында жалпы кепілдік сомасы 3 миллиард 362,4  миллион теңгені құрайтын 662 жоба кепілдендірілген. Бұдан бөлек аймақтық үйлестіру кеңесі инфроқұрылымды дамыту жұмыстары бойынша жалпы соммасы 8 миллиард 767,1 миллион теңгені құрайтын 15 жобаны мақұлдаған.

— Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты жеткізіп, оларға жүзеге асырудың тетіктерін түсіндіру қажет. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бұл бағыттағы жұмыстары әлсіз. Палата басшылығы кәсіпкерлікті дамыту жолында ешқандай идея ұсынбайды. ӨКП жұмысын жандандыру. Қазіргідей дағдарыс кезеңінде ешкімді назардан тыс қалдыруға болмайды, — деп атап өтті облыс әкімі.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты