• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

turan_admin turan_admin
30.04.2021, 18:00
Облыс жаңалықтары
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ
180
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды.

Бүгінгі таңда сала үш міндет пен тоғыз бағытты қамтитын 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама бойынша алға жылжуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, белгіленген 20 индикатордың үшеуіне қол жеткізілмеген.

1000 тұрғынға шаққанда бала туу көрсеткіші 10,7-ден 11,8-ге дейін өскен. Рак, оның ішінде қатерлі ісіктер, артериялық гипертония, миокард инфарктісі, тыныс алу жолдарының ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеген.

Облыс аумағында төрт озық медициналық технологиялар орталығын құру жоспарлануда. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылға дейін әрбір елді мекен денсаулық сақтау мекемесімен қамтылуы тиіс. Сондықтан жақын арада 60 ауылда осындай нысан салынып, 32 нысан күрделі жөндеуден өткізілмек.

Жамбылдықтар ем алу үшін әлі де басқа аймақтарға барып жатады. Айталық, жыл басынан бері 1932 адам облыстан тыс жерлерде емделуге шешім қабылдаған. Олар негізінен онкологиялық және хирургиялық араласуды қажет ететін урологиялық патологиясы бар науқастар мен тағы басқалар. Мамандар тапшылығы және жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері шешілген жағдайда, бұл ағынды кем дегенде екі есеге азайтуға мүмкіндік болар еді.

Екі орталық аудандық ауруханада компьютерлік томографтар орнатылса, биыл мұндай құрылғылар тағы үш ОАА-ға қойылмақ. Ағымдағы жылдың соңына дейін жергілікті мекемелердің «Фармация» СК алдындағы қарыз мәселесі шешілетін болады. Кадр мәселесін жою үшін С.Д.Асфендияров атындағы медициналық  университетімен бірлескен үш жылдық бағдарлама әзірленген.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шынәлиев хабарлағандай, 1 қаңтар мен 28 сәуір аралығында КВИ дертін 124 медицина қызметкері жұқтырған. Медицина қызметкерлерінің арасында аурулардың ең көп дерегі Тараз қаласында – 71, Жуалы – 11, Байзақ – 10 науқас тіркелген.

Медициналық қызметкерлер арасында КВИ жағдайларының тіркелуі бойынша 12 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 393,7 мың теңге сомасына тоғыз айыппұл салынып, жеті ұйғарым берілді.

Медициналық ұйымдарда жылда орын алатын өзекті мәселелердің бірі – желдеткіш қондырғысының істен шығуы. Сондай-ақ, негізгі бұзушылықтарға дезинфекциялау және зарарсыздандыру режимінің сақталмауын, қызметкерлер мен емделушілердің жеке және өндірістік гигиенасы жағдайларының қамтамасыз етілмеуін де жатқызуға болады.

— Мұндай жағдайларда ең алдымен медициналық мекемелердің бас дәрігерлерін жазаға тарту керек, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың үлесі бойынша біздің облыс республикада 79,6 пайыз көрсеткішімен алдыңғы қатарда тұр. Бұл өз кезегінде сақтандырылмаған азаматтар үшін медициналық қызметтердің қол жетімсіздігіне әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының саны e-halyk ақпараттық жүйесі арқылы өзектендірілуде.

— Дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін медициналық университетпен тығыз байланыста жұмыс істеу, ЖОО-ның жергілікті филиалының қызметін дамыту қажет. «Фармация» СК алдындағы берешек мәселесін шешу керек. Облыстың барлық тұрғындары медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылуы тиіс. Медициналық ұйымдардың басшылары ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға назар аударуы маңызды, өйткені шағымдар саны артып отыр. Халықты вакцинациялау белгіленген мерзімде жүргізілуі керек. Телемедицинаны дамыту – уақыт талабы, Оңтүстік Корея, Израиль және басқа да денсаулық сақтау саласы дамыған елдермен ынтымақтастық орнату қажет, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: денсаулықмедицина
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.