• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

COVID-19: шектеу шараларын қайта күшейтулер

28.04.2021
0
COVID-19: шектеу шараларын қайта күшейтулер
158
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

COVID-19 жұқтырғандар санының артуына байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.

Өткен тәулікте талдама қорытындысы 57 адамда оң нәтиже көрсетіп, өсім 0,7 пайызды құрады. Ең көп жағдай анықталғандар – әдеттегідей Тараз қаласы, Қордай және Байзақ аудандары. Облыс орталығы «қызыл» аймақта десек, шаһардағы апталық өсім 304 науқасқа жетіп, 8,7 пайызды құраған. Қордайда бұл көрсеткіш – 6,2 пайызға айналып отыр. Ал, республикалық көрсеткіш 5,6 пайыздан аспайды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, 27 сәуірдегі жағдай бойынша инфекциялық стационарда 897 адам ем алуда (төсек-орындардың толу жүктемесі – 36%), оның 54-і жан сақтау бөлімінде. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы мен дәрі-дәрмектермен қамтылуы бойынша ешқандай мәселе жоқ.

Облыста 37 егу пункті жұмыс істеуде. 36,7 мың жамбылдық вакцинаның бірінші компонентін, 9,9 мың жамбылдық екінші компонентін қабылдаған. Мойынқұм, Шу, Меркі аудандарында және Тараз қалалық №9 емханада вакцинация әлсіз қарқынмен жүруде. Сәуір айының соңына дейін тағы 49,9 мың адамға екпе егілуі керек.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев қазіргі таңда қосымша шектеулер енгізу туралы құжат әзірленіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа шаралар базарлардың, облысаралық автобус қатынасы мен басқа да сегменттердің қызметіне әсер етеді.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев Аshyq жобасының әлсіз іске асырылып жатқанына назар аудартты. Ол бойынша Тараздағы тек 39 кәсіпорын ғана жұмыс істеуде, ал аудандарда бұл тәжірибе мүлдем таратылмаған.

— Төтенше жағдайлар департаменті мониторингтік топтардың жұмысына ешқандай көмек көрсетіп отырған жоқ. Олармен тұрақты байланыста болу үшін ТЖД бастығы шұғыл мәселелерді шешу бойынша өз орынбасарын бекітуі қажет. Тұрғындар арасында санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарының ауқымын кеңейту аса маңызды. Қоғамдық көлік пен базарларға айрықша назар аудару керек. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасындағы инфекцияның таралуына бақылауды назарға алыңыздар, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты