Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні Талас ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп берген болатын. Есепке арнайы Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан болатын. Жиында ақпарат агенттік атынан үш сауал жолданған болатын. Үшінші сауалға Бақыт Алпысбайұлы “Бізде орындалмаған тек 2 индикатор” деді жұртшылық алдында.
Біздің ақпарат бойынша Талас ауданы бойынша орындалмаған 9 индикатордын 1 орындалған болып, қалған 8 орындалмапты. Олар:
-
«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» индикаторы, жоспар: 25485,4 млн.тг , нақты — 22631,6 млн.тг; Ақпаратты Талас ауданы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлім басшысы Ғазиз Асемов растады.
-
«Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі» индикаторы жоспар — 15905,2 млн. тг , нақты – 14833,0 млн. тг. Ақпаратты Талас ауданы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлім басшысы Ғазиз Асемов растады;
-
«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны» индикаторы жоспар – 2195 бірлік , нақты – 2114 бірлік. Ақпаратты Талас ауданы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлім басшысы Ғазиз Асемов растады;
-
«Аудан аумағында дала және орман өрттерінің 1 өрттің алаңы 0,030 мың гектардан аспау» индикаторы жоспар – 0,030 га , нақты — 0,708 га. Ақпаратты телефон арқылы Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Айбар Әділбақов растады;
-
«Ауылдық елді мекендерде қол жетімділікті қамтамасыз ету үлесі : орталықтандырылған сумен» жоспар – 93,1 % , нақты – 91,6 %. Жамбыл облысы әкімдігі энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқарма сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ғалым Исақов растады;
-
«Қалаларда жабдықтауды қамтамасыз ету орталықтандырылған су бұрумен» жоспар — 78,0% , нақты – 64,5%. Жамбыл облысы әкімдігі энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқарма сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ғалым Исақов растады;
-
«Аудандық ветеринариялық станцияларды қызметтік ғимаратпен камту» жоспар — 1 бірлік , нақты — 0 бірлік. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқарма басшысы Ербол Жиенқұлов телефон байланысы арқылы растады.
-
«Ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қызметтік ғимаратпен қамту» жоспар — 2 бірлік , нақты — 3 бірлік. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқарма басшысы Ербол Жиенқұлов телефон байланысы арқылы растады.
-
«15-17 жастағы балалар арасында өзіне — өзі қол жұмсау деңгейі индикаторы» жоспар — 0 (100 мың тұрғынға шаққанда), нақты — 51,3 (100 мың тұрғынға шаққанда). Талас ауданында 2020 жылы 15-17 жастағы балалар арасында өзіне — өзі қол жұмсау ұмтылу бойынша 2 факт тіркелді. Бұл туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев растады.
Қорыта келе, аудан әкімдігі орындалмаған 9 индикатордын 8 орындалмағандығына көз жетті. Сонда Бақыт Алпысбайұлы басқаратын аудан әкімдігі бөлімдері әкімге жалған ақпарат беріп отыр ма деп қалып қалдық. Қайткен күнде Талас ауданы әкімдігі индикаторларды ең көп орындай алмаған аудан болып қала береді.