Жамбылдық полицейлер облыс ЖОО заң факультеттерінің студенттері үшін онлайн-сабақтар өткізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу және Жедел- криминалистикалық басқармаларының қызметкерлері Тараз инновациялық — гуманитарлық университеті мен Тараз өңірлік университетінің заң факультеттерінің 1, 3, 4 курс студенттерімен онлайн – сабақтар өткізуді жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Тараз қаласы ПБ 1-ші полиция бөлімі жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Мадияр Қонысбаев пен Жамбыл облысының ПД ТБ тергеушісі Мәди Көкрекбаев оқиға болған жерді тексеру бойынша криминалистикалық полигонда тәжірибелік сабақтар өткізді.
«ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы жоғары курс студенттеріне жасалған қылмыс туралы ақпарат алғаннан кейін тергеуші мен криминалист маман әрекеттерінің қадамдық алгоритмі көрсетілді. Сабақ соңында Мадияр Қонысбаев студенттерді қылмыстарды сәтті тергеу және тез ашу үшін жедел полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерімен таныстырды. Болашақ заңгерлер полицейлерді қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.