Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі нысаналы индикаторын 85%-дан 90%-ға, елді-мекен көшелерінің көрсеткіші 77,2% (2019 – 59,5%) жеткізіледі.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда.
Бұл тұрғыда, «Жол активтерінің Сапа орталығы» мен бірлесіп, тұрақты зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағытта бюджеттен 163,9 млн.теңге бөлінген.
Жыл басынан Сапа орталығымен 164 жерге шығып зерделеу жүргізіліп, 475 сынама алынды. Нәтижесінде, 26 ескертулер мен кемшіліктер беріліп, жобаларды іске асыру барысында жойылуда. Бұл жұмыстар келесі жылыда жалғасын таппақ.
Облыс бойынша 341 елді мекенді аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын 200 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 25 маршрут облысаралық, 59 – ауданаралық, 74 – ауданішілік және ауылішілік, 42 – қалалық болып табылады.
Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі – ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз жүруінен автожолдардың мерзімінен бұзылуы болып табылады. Бұл бағытта ауыр жүк көлік иелеріне 871 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 35,5 млн. теңге айыппұл салынды (өндірілгені 31,2 млн. теңге).