• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысындағы жұмыссыздық мәселелері қалай шешіліп жатыр, — ол туралы Сапарбаев айтып берді

turan_admin turan_admin
18.08.2020, 14:32
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысындағы жұмыссыздық мәселелері қалай шешіліп жатыр, — ол туралы Сапарбаев айтып берді
215
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 44 мың адам қамтылған, оның ішінде 37,2 мың адам жұмысқа орналасқан. Еңбек нарығына тартылғандардың 45 пайызы жұмыссыздар, 55 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы 20,1 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Есепті кезеңде жоспар 130 пайызға орындалып, 26,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының үлесі 63 пайызды құрайды», — деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 30,6 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы атанған. Бағдарламаның ең тиімді құралдары – микрокредит беру және өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар бөлу болып табылады. Атап айтқанда, 634 жамбылдыққа 2,5 млрд. теңге көлемінде шағын несие берілсе, оның ішінде 590 қарыз алушы қаражатты асыл тұқымды мал шаруашылығына бағыттаған. Олармен 2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 55,4 млн. теңгенің салығы төленген. Гранттарға бөлінген 1,8 миллиард теңге толығымен игеріліп, барлығы 3 253 адам қол жеткізген.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жалпы сомасы 61,2 млрд. теңгеге 831 жоба жүзеге асырылуда. Барлық жобалар бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, 826 жоба бойынша жұмыс басталған (99,4%). Бүгінгі таңда бөлінген қаражаттың 85 пайызы игерілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асырудың нәтижесінде 87 білім беру нысаны, 54 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, 179 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 208 инженерлік және көлік инфрақұрылым нысандары жөнделетін болады. Қордай ауданында 17 елді мекенге көгілдір отын тартылып, 70,1 мың тұрғын газбен қамтамасыз етілмек. Облыс халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 72 пайыздан 75,4 пайызға дейін артады деп күтілуде. Айта кету керек, жұмыстардың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде жүргізілуде», — деді Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде Жамбыл облысындағы жұмыссыздық үлесі 4,8 пайыз деңгейінде сақталғанын атап өтті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.