Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековпен «Басты мақсат – жұмыспен қамту» онлайн кездесу өткізді.
Онлайн кездесуде басқарма басшысы карантин режиміндегі
жұмыссыздық деңгейі, «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыру, «Еңбек» бағдарламасының орындалуы мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, 42 500 теңге біржолғы төлемді тағайындау қағидалары бойынша өзекті тақырыптарды тілге тиек етті.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша облыста
826 жоба қолға алынған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау
көрсетілуде. Бұл туралы онлайн кездесуде Жорабек Нұрмергенұлы баяндады.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша «Бастау-бизнес» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталды.
«Еңбек» бағдарламасының бағыттарына жеке-жеке тоқталып, жастар
практикасына да қатысты тың ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығында қазіргі сұранысқа ие
мамандықтар аталды. Оңтүстік өңірден солтүстік өңірге қоныс аудару,
жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту жайында да ақпарат берілді.
Онлайн оқырмандардың тарапынан қойылған атаулы әлеуметтік көмек,
баспанамен қамтамасыз етілу жолдары мен кәсіпкерлікті дамыту
бағытындағы сұрақтарға толық жауап берілді.