• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысының үш ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарын құру жоспарлануда

28.05.2020
0
Жамбыл облысының үш ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарын құру жоспарлануда
349
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимараттарға еркін кіріп-шығуы, қала ішінде жүріп-тұруы, өздерін қауіпсіз сезінулері үшін қол жетімді ортаны қалыптастыру қажеттігін айтып келеді.

Өткен селекторлық кеңесте аймақ басшысы салалық басқарма өкілдері және қоғам белсенділерімен бірге осы тұрғыдағы өзекті мәселелерді шешу барысын талқылады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 46 356 мүмкіндігі шектеулі азамат бар болса, оның 6629-ы балалар. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биылғы жылы жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге 9900 мүгедекке әлеуметтік көмек көрсетілген.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған десек, ол арқылы мүгедектер техникалық оңалту құралдарына және арнайы әлеуметтік қызметтердің 54 түрінің 24-і бойынша тапсырыс бере алады.  Келер жылдан бастап  портал көмегімен оңалту және протездік-ортопедиялық, гигиеналық құралдармен, мүгедектер арбаларымен сондай-ақ   арнаулы әлеуметтік, жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және емдеу сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз ету көзделуде.

Порталда облыстың 18 мемлекеттік және 5 үкіметтік емес ұйымы тіркелген. Алайда, мүмкіндігі шектеулі адамдардың бәрінде бірдей смартфондар мен компьютерлер бола бермейді. Осыған орай, планшеттермен немесе ноутбуктармен қамтамасыз ете отырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік қызметтер порталымен танысуына көмектесу  үшін еріктілерді тарту ұсынылуда.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан және облыс әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

6629 мүмкіндігі шектеулі баланың 659-ның тірек-қимыл  жүйесі бұзылған және 1813-і жүйке жүйесі ауруларымен оңалтуды қажет етеді.

Тараз қаласы, Жамбыл, Қордай, Меркі және Шу аудандарында Орталықтар мемлекет тарапынан ашылған. Тұрар Рысқұлов және Жуалы аудандарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы қызметтер көрсетілуде. Бұл аудандарда ғимарат мәселесі шешілмегендіктен, орталықтар жалға алынған, тиісті жағдай жасалмаған нысандарда орналасқан.

Бердібек Сапарбаев екі аудан әкімдеріне тиісті ғимараттарды табу керектігін ескертті.

Талас ауданында осындай орталыққа ғимарат  сатып алуға жергілікті бюджеттен 21 миллион теңге бөлінген. Ендігі кезекте Оңалту орталықтарын Байзақ (201 бала), Мойынқұм (44 бала), Сарысу (100 бала) аудандарында ашу қажеттігі туындап отыр. Бердібек Сапарбаев үш аудан әкіміне қажетті қаражат көздерін қарастырып, уақыт созбай орталықтарды ашуды тапсырды.

Салалық басқарманың мәліметтері бойынша, мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тиісті 1030 нысанның толығымен паспорттары дайындалып, бүгінгі күнге 994 нысанда бейімдеу жұмыстары аяқталған. Айта кету керек, олардың 240-ы ғана толықтай бейімделген. Қалғандары тек  пандус пен тақтайшалар орнатумен шектелген.

Бердібек Сапарбаев аудандар мен облыс орталығының әкімдеріне мүгедектерге қоғамдық орындарда және мекемелерде тиісті деңгейде жағдай жасау үшін жұмыстар жүргізуді тапсырды.

 Айталық, әлі күнге аялдамалар, тротуарлар, арнайы бағдаршамдар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделмеген.

— Ерекше қажеттіліктері бар адамдар өз туған қаласында жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуы керек. Біз қолжетімді, кедергісіз орта құруға тырысудамыз. Олар қалада еркін жүріп-тұрып, дүкендерге, театрларға және басқа да ойын-сауық орындарына барып, қоғамдық көлікті қолдана алуы тиіс. Алайда, қарапайым жаяу жүргіншілер жолағынан өту мүмкін болмаса, басқаларға қалай қол жеткізуге болады? – деп облыс әкімі Тараз қаласының  басшылығына осы секілді мәселелерді шешуді тапсырды.

Жиында қоғам белсенділері де өз ойларын ортаға салды. «Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Зайтжан Юлдашев ерекше қажеттіліктері бар адамдар коммуналдық қызмет үшін 15 000 теңге көлеміндегі төлемді ала алмай отырғандығын айтты. Олар call-орталықтардың жұмыс істемейтіндігін айтып шағымданды.

— Бұл төлемдерді тағайындалған адамдар міндетті түрде алады. Call-орталықтар мәселесі де шешілетін болады, — деп сендірді облыс әкімі.

«Мүгедектердің жастар қоғамы» ҚБ төрайымы Әйгерім Дәулетбаева мүгедектердің сапалы білім ала алмайтындығына наразылық білдірді. Оның пікірінше, балабақшалардан бастап инклюзивті білім беру керек. Мұның бәрі оларға болашақта жұмыс тұруға көмектеспек. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жазғы демалыстар ұйымдастыру қажет.

— Сіздердің өтініштеріңіз назарға алынады. Тиісті шаралар қабылданады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі өте маңызды. Барлық кедергілерді жойып, оларды жұмыспен қамту жолында кәсіпкерлерді көмекке тарту керек. Еңбек инспекциясы кәсіпорындардың мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы орган белгілеген квоталарды пайдаланылуын қадағаласын, — деп түйіндеді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды мәдени және спорттық шараларға белсенді түрде тарту қажеттігін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

25.06.2025
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

25.06.2025
Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

25.06.2025
Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

25.06.2025
Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

25.06.2025
Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

25.06.2025
Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Жамбылда сараптама қорытындысы берілмей қаражаты толық аударылғандығы белгілі болды

25.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты