• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Сапарбаев мектепке дейінгі мекеме аумағының ретсіз көрінісін сынға алды

24.05.2020
0
Сапарбаев мектепке дейінгі мекеме аумағының ретсіз көрінісін сынға алды
247
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жылы Меркі ауданында әртүрлі мемлекеттік даму бағдарламалары аясында 108 жобаны іске асыруға 6,1 миллиард теңге бөлінді. Ұзындығы 140 шақырымды құрайтын 147 көшені жөндеу, бір мектеп салу, төрт мектепке күрделі, үш мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, мәдениет және спорт, жарықтандыру, елді мекендерге су құбырын тарту және газдандыру бойынша түрлі жобалар көзделген.

Сенбі, 23 мамыр күні Жамбыл облысының әкімі жұмыс сапарымен Меркі ауданына барып, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүзеге асыру барысымен танысты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында №11 орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Мектеп іргесі 1976 жылы қаланған десек, бүгінде оның айтарлықтай тозғандығы байқалады.

«Мектеп директоры техникалық қадағалаумен бірге жөндеу жұмыстарының сапасын үнемі бақылап, кемшіліктерді анықтап, көрсетіп отыруы тиіс. Жаңа оқу жылында балалар заманауи және жайлы мектептің табалдырығын аттауы тиіс», — деді облыс әкімі.

Гранитогорск ауылында 300-ге жуық үй бар болса, онда 1 200-ден астам адам тұруда. №8 ауыл мектебі 1952 жылы салынған. 205 бала оқитын бір қабатты білім ошағында асхана, спорт және акт залдары жоқ. Осы мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 120 орындық жаңа мектептің құрылысы басталған. Жобаның құны — 500 миллион теңгеден асады.

«Елді мекен сумен және газбен қамтылған. Барлық қажетті кабинеттермен, спорт және акт залдарымен жабдықталған жаңа мектеп салынып жатыр. Құрылыс қарқынын жеделдетіп, жұмысқа жергілікті тұрғындарды тарту қажет. Мектеп аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Мектептің ескі ғимаратын ауылдықтардың игілігіне тиімді пайдалану жағын қарастырып, ұсыныстар әзірлеңіздер», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев фельдшерлік-акушерлік амбулатория мен балалар шағын орталығын аралап, мектепке дейінгі мекеме аумағының ретсіз көрінісін сынға алды.

«Көптеген мекемелер уақытша карантинге жабылған кезді тиімді пайдаланған абзал. Айталық, балабақша аумағын абаттандыру, ойын алаңын ретке келтіру секілді жұмыстарды атқарып алу керек. Дәретхана әлі күнге дейін сыртта орналасқан. Сонда, балабақша ғимаратында жылы дәретхана орнату қиын ба?», — деп ескерту жасады аймақ басшысы.

Жалпы, Меркі ауданында сумен жабдықтау бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда десек, Сарымолдаев, Т. Рысқұлов және Қостоған ауылдарына таза ауыз су құбыры тартылып, Қызылқыстақ, Қазақдиқан және Кентай ауылдарындағы су желілері ағымдағы жөндеуден өтеді.

Облыс әкімі Т. Рысқұлов және Қостоған ауылдарында болып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер ұйымның өкілдерімен кездескен Бердібек Сапарбаев жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті. Мұнда ол «Сыпатай батыр» ЖШС-нің бидай алқабын аралап көрді.
Аудан орталығында аймақ басшысы Меркі-2 көшесіндегі автомобиль жолының құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасын мұқият қадағалауды талап етті.

Меркі ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жоба шығындарын оңтайландыру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев 70-ші жылдары салынған Ойтал және Жеміс-Жидек ауылдарындағы орта мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.

Облыс әкімі мердігерлерді құрылыс жұмыстарын сапалы орындауға, салынып жатқан нысандардың дизайнынына айрықша назар аударуға шақырды.
«Ғимараттардың қасбетін заманауи үлгіде безендіру керек. Сонымен қатар, сыртқы көріністі ғана емес, ішкі әрлеуде де балаларға жағымды эмоция сыйлайтын, білім мен тәртіптің деңгейін арттыруға ықпал ететін элементтерге көңіл бөлген ләзім», — деп атап өтті Сапарбаев.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе, аймақ басшысы аудан әкіміне жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу барысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Меркі ауданы тұрғындарының мәселелерін шешуге 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған автожолдар мен әлеуметтік нысандар салу және жөндеу, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және газдандыру шаралары атқарылатын болады. Меркіліктер көп ұзамай оң өзгерістерді сезіне бастайды. Ол үшін бюджет қаражатын ұтымды пайдалану қажет. Бұл мемлекет қызметінің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші болмақ», — деп қорытындылады аймақ басшысы.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

25.06.2025
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

25.06.2025
Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

25.06.2025
Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

25.06.2025
Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

25.06.2025
Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

25.06.2025
Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Жамбылда сараптама қорытындысы берілмей қаражаты толық аударылғандығы белгілі болды

25.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты