Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері бос лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесу жүргізу және нәтижелері бойынша шешім шығару мақсатында 2020 жылғы 16 сәуірде конкурстық комиссиясының отырысы өтті.
Конкурстық комиссиясының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2020 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен:
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына Нуржанов Абай Куралбекович тағайындалды.
НУРЖАНОВ АБАЙ КУРАЛБЕКОВИЧ
1964 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келді. 1987жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын«Емдеу ісі» мамандығымен бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. Жалпы еңбек өтілі 33 жыл, Денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда 10 жыл, соңғы жұмыс орны Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы, бас дәрігердің онкологиялық жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің міндетін атқарды.
ФОТО әңгімелесу кезінде түсірілген