2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының маңында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне тиесілі Ан-72 (Antonov An-72) ұшағының әуе апаты орын алған еді.
Астана уақытымен сағат 18.55-те Астанадан Шымкентке бет алған Ан-72 әуе кемесі Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Сайрам ауданындағы Тассай ауылының маңындағы карьерге құлаған.
Тура жеті жылдан кейін 27 желтоқсан таңғы сағат 7-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Ол таңғы сағат 07:05-те ұшып шыққан. Бортта 93 жолаушы болған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар саны 15-ке жетті.