Ақмола облысы “Балдаурен” республикалық оқу сауықтыру орталығында “Жастар — Отанға!” жастар саяси лагері өтуде. Елімізідің түкпір-түкпірінен ең белсенді, дарынды, жігерлі 170-тен астам қатысушыны жинаған лагерді «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Дәулет Кәрібек салтанатты түрде ашты.
Лагерьге мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Спорт комитетінің басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, белгілі маркетологтар Мағжан Тілеуханов пен Расул Абдуллаев, танымал медиа тұлғалар Динара Сатжан, Қайрат Құдайберген, Ларион Лян, Өркен Кенжебек, партия хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов келіп нетворкинг кездесулер өткізді.
7 қыркүйек күні жасотандықтармен партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесті. Жиында жастарға бүгінгі күннің трендттері туралы, Алматы қаласындағы жасалған жұмыстары мен оған айтылған сыни пікірлерге қарсы жасаған әрекеттері туралы, Германияда тұрған кездегі заңнның үстемдігі туралы айтылды. Жастармен кездесудің соңында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қарай #ABAI175 челленджін қолдау тауып, болашақ дәрігер, тараздық Диана Бекмурзаева, “Қазақ Аруы — 2019” Сания Темерханова, облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының төрағалары мен белсенді мүшелері “Көзімнің қарасы” әнін бірге орындады.
TURANINFO.KZ