Бүгін Тараз қаласының «Һибатулла Тарази» медресесінде Арыс қаласының тұрғындарын қабылдап көмек берілді. Жансауғалап кеткен адамдардың бірінші келген және қайтарып жібермейтіндей орны мешіт болғандықтан барынша барлық келушілерді қабыл алды. Абыржыған ел, шаршап шалдыққан үлкен кісілер, ұйықтамаған сәбилі аналар, киімі бүтін емес балаларды көрдік.
Бізге келген әрбір адамды қабылдап, жатын орнын беріп, таңғы астарын ұйымдастырып, жергілікті билікке хабардар еттік деді, ҚМДБ өкіл имамы Қанат Жұмағұл.
Бұл жағдайды естіген соң Тараз қаласы әкімі Қайрат Досаев келушілермен танысып, келгендерді тіркеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мешітке 136 адам келіп, барлығына медициналық көмек көрсетілген болатын. Оның ішінде төрт адамды ауруханаға жеткізуге туралы келді.
Түске қарай облысымыздын басшысы Асқар Исабекұлы келіп, Арыстықтармен бүкпесіз әңгіме жүргізді. Жағдайларын сұрап, қолдан келетін барлық мәселелер шешілетін болады.
Арыс қаласын ерікті түрде ретке келтіруге жастар тізімі жасақталып, алдағы уақытта баратын болады. Айта кетерлігі, жүз баланы жазғы лагерьге қабылдап алуға дайын екендігін хабарланды.
TURANINFO.KZ