Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының «Бірлесу-Еңбек» ауылында өсірілген 12 түп қарасораның және 1020 түп ұйқыға ұқсас қалге ұшырататын көкнар апиынының алқабын анықтады.
Тыйым салынған көшеттер 16 маусымда «Көкнар» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 56 жастағы ауыл тұрғынының ауласын аралау кезінде анықталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, контрабандасына қатысты есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі профилактикалық жұмыс өзінің тиімді нәтижелерін береді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі