«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында Байзақ ауданында «Open space» жобасы қолға алынып, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшылары кабинеттерін қайта жабдықтап ашық кеңседе жұмыс істей бастады. Түймекент ауылдық округінің әкімі кабинетін бірінші қабатқа көшіріп, азаматтарға ыңғайлы жерде жұмыс істеуге көшті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев ашылған кабинеттердің жұмысымен танысты.
Биыл Байзақ ауданында бірнеше мемлекеттік мекемелердің кабинеттерін реконструкциялау жоспарлануда.