• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
29.11.2026, 03:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық полицейлер зейнеткерге айыппұлынан құтылуға көмектесті

turan_admin turan_admin
18.05.2019, 15:36
Облыс жаңалықтары
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Азаматтарға жақын болу, мәселелерді жедел және сапалы шешу — бұл жамбылдық полиция қызметкерлерінің алға қойған басты қағидаттарының бірі. Жамбылдық полицейлермен өткізілген «Жолда қабылдау» акциясы дәл осындай мақсаттарды көздейді, азаматтарға  туындаған мәселелерді тездетіп, барынша жылдам және кедергісіз шешуге көмектеседі.

Бұған бүгін Тараз қаласының тұрғыны – 73 жастағы зейнеткер көз жеткізді. Ол алты жыл бұрын автокөлігін сенімхат бойынша сатқан, алайда, жол қозғалысы ережелерін бұзғанына қатысты көліктің салықтары мен айыппұлдары әлі күнге дейін қарияның атына келетіні белгілі болды. Өйткені көлік құралының жаңа иесі әлі күнге дейін оны қайта ресімдемеген. Қария автокөлікті сатып алушыны бірнеше мәрте өз бетінше табуға тырысқанымен, сәтсіз аяқталыпты.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері акция өткізіліп жатқан орында база арқылы автокөліктің тиесілілігін, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоғын тексеріп, көлік құралының жаңа иесі – облыс орталығының 29 жасар тұрғынын анықтады.

Аталған азаматты шұғыл түрде тапқан полицейлер онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ол өзінің барлық айыппұлдарын, алты жыл ішінде төлемеген салықтарын төлеп, автокөлікті өз атына қайта ресімдеді. Қарыздың ауыртпалығынан құтылған  зейнеткер Жамбыл облысында енді ай сайын өткізілетін осындай акциялардың қажеттілігі мен маңыздылығын айтып, дән ризашылығын білдірді.

Алдыңғы акция сәуір айының ортасында өткен болатын, ағымдағы акция 18 мамырға дейін жалғасады. Өңір бойынша 22 жерде өткізілген шараға қандай да бір себептермен келе алмаған жамбылдықтар  әлеуметтік желілер арқылы қажетті ақпаратты ала алады.

«Жолда қабылдау» акциясы жұмысының бірінші күні Тараз қаласының тұрғындарынан 200-ден астам өтініш келіп түсті. Халықты көбінде  әкімшілік айыппұлдарды төлеу, жол белгілерін жаңарту, қосымша белгілерді орнату, көлікті тіркеу, кәмелетке толмағандармен жұмыс және ҚР азаматтығын алу, сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматтардың құжат алу мәселелері толғандыратыны белгілі болды.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

28.11.2026, 19:57
Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

26.11.2026, 14:41
Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауғанстанда мектеп маңында жарылыс болып, 10 оқушы қаза тапты

28.11.2026, 20:21

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

28.11.2026, 19:57

Судың әр текше метрін есептеу ауылға не береді?

28.11.2026, 11:31

«Әділет» партиясы Жамбыл өңіріндегі 27 күндік үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.2026, 17:04

Мирас Жамалбек — “Қола домбыра” республикалық айтысының жүлдегері атанды

27.11.2026, 17:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.