Облыс әкімінің фэйсбуктегі парақшасында С.Құрманбекованың әкім орынбасары қызметіне тағайындалғандығы туралы мәлім болды.
— «Бүгін менің жаңа орынбасарым тағайындалды. Бұдан бұлай аталған қызметті Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекова атқаратын болады.
Жаңа орынбасарымды облыс активімен өткен жиында ресми түрде таныстырдым. Сұлушаш Құрманбекова қарапайым мектеп мұғалімдігінен бастап, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы қызметіне дейін сатылай өскен. Орынбасар қызметіне тағайындалғанға дейін С. Құрманбекова облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Сұлушаш Сәтбекқызы білігі мен тәжірибесі мол маман. Ұзақ жылдар бойы білім саласында табысты еңбек еткен оның жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен орындайтынына сенімдімін.
С. Құрманбекова облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады» — делінген ақпаратта.