• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараздық студенттер ЖОО-да парақорлық барын ашық айтқан

turan_admin turan_admin
04.04.2019, 16:27
Облыс жаңалықтары
Тараздық студенттер ЖОО-да парақорлық барын ашық айтқан
373
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары білім беру мекемелерін аралап, жемқорлық деректерінің бар-жоғын анықтау үшін студенттер арасында сауалнама өткізіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазірге дейін сол сауалнамаға қатысқан 70 студент Тараздың оқу ордаларында парақорлық барын ашық айтқан.

Адалдықтан аттағандардың аттарын атай алмаймыз, өкінішке қарай. Жемқорлардың есімін жасырып жазғандықтан, нақты дәлел мен дәйек жоқ. Бірақ студенттер арасында жүргізіліп жатқан сауалнаманың мақсаты да жазалау емес. Қайта азаматтарды параға жолатпау.

Данияр Тұрғамағанбетов, ҚР МҚІЖСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің жетекші маманы:

— Сауалнама жасырын түрде жүргізіледі. Сондықтан сұрақтарға шынайы және объективті түрде жауап беруді сұраймыз. Сіздерге сауалнама толтырылады. Сосын осы жәшікке өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бүгін Тараз мемлекеттік университетінде болды. Мұндағы студенттердің бірі білім ошағында коррупция жоқ деп сендірсе, енді бірі параға қолын былғағанның есімін біле тұра бірден жазуға сескенді.

Ақиқатын айту керек, жоғары оқу орнында жемқорлық бар деп ешкім ашық айта қоймас. Оқытушылар бірін-бірі ұстап беруге құлықсыз. Ал студенттер оқудағы проблемаларын оңай шешу жолынан айырылғысы жоқ. Парадокс. Жеңіл ақша қолдың кірі екенін біле тұра, қос тарап та мұны жарып айтуға мүдделі емес.

Бірақ бұлардың арасында өжеттілері де табылды. Оңай олжаға дәнігетіндердің есімін атамаса да, оқу орнында жемқорлықтың барын ашық айтып отыр.

Студенттердің сөзімен оқытушылардың кейбіреулері де келіседі.

Бақыт Ерәлиева, оқытушы:

— Әрине, пара ұсынатын студенттер болады. Бірақ біз оған жол бермеуге тырысамыз. Жемқорлықпен күресуші орган бір айға жуық «Сенім жәшігі» акциясын өткізіп жүр. Сауалнаманың қорытындысы бойынша парақорлыққа бейім мұғалімдердің барын 70 студент көрсеткен екен.

Равиль Төлебаев, ҚР МҚІЖСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры:

— Оқу орындарына барып, мұғалімдермен педагогикалық кеңестерге қатысып, бүкіл ұжымның алдында сол мұғалімдерді көтердік. Яғни оларға қанша студент көрсеткенін, қандай сыйақы алғаны жайында сөйлестік. Және де оқу орындарының басшыларына тиісті шара қолдану үшін тиісті ұсыныстар айттық.

Пара алып, бармағын шайнағандар берісі қыруар айыппұл төлеп, дүние-мүлкінен айырылса, арысы абыройын айрандай төгіп темір тордан бір-ақ шығады. Бұл бір жағы. Ал екінші тұсы мынадай. Пара алып, студенттің білімсіз жұмысқа орналасуына сеп боласыз. Ал ол бала ертең дәрігер болса,  балаңызды емдеуге сеніп тапсырасыз ба?

Авторлары: Ж.Біркенов және Т.Сейілхан

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/306350-tarazdy-studentter-zhoo-da-para-orly-baryn-ashy-ajt-an

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.