Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл — Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін уақытша атқарушы Ербол Тілешовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ербол Ердембекұлы орталықтың «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» респубикалық семинарының Жамбыл облысында ұйымдастырылуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, а.ж. 14-15 наурыз күндері «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер (оқытушылар) дайындау.
2 күндік оқыту семинарында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Еуразия гуманитарлық институтының мамандары инновациялық педагогикалық технологиялар қолдана отырып, жаңа емле ережелерін үйретті.
Іс-шараға тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, қалалық және аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімдерінің тіл мамандары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, ЖОО, колледждердің оқытушылары, мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, барлығы 150 адам қатысты. Семинарға қатысқан 60 тыңдаушыға арнайы сертификаттар беріледі.