• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Қазақстан Қытайдан 116 млрд теңге несие алады

10.03.2019
0
Қазақстан Қытайдан 116 млрд  теңге несие алады
847
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі Қазақстанға 2,062 млрд қытай юанынан аспайтын сомада несие береді. Бүгін Мəжіліс сәйкес заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған Премьер-министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Əлихан Смайыловтың айтуынша, несиені қайтару мерзімі — 20 жыл, кредит жылына 2 пайызбен беріледі.

Дегенмен Мəжіліс төрағасы мен депутаттар аталған заң жобасына қатысты бірқатар ескерту жасады. Депутат Анар Жайылғанова да министрге бірнеше сұрақ қойды.

«Менің əріптестерім осы сипаттас келісімшарттарды қарастырған кезде кейінгі уақытта Үкімет осындай сырттан қарыз алу практикасын тұрақты түрде ұстанып келе жатқандығын, және де осындай  алынған қаражаттар көп жағдайда ұтымды пайдаланылмайтын бірнеше рет атап өткен болатын. Ал егер біз республикалық бюджетті, оның ішінде квазимемлекеттік секторды алсақ, жыл сайын олардың шоттарында миллиардтаған қаржы игерілмей қалып қояды. Осыған орай, бұл жобаны өзіміздің бюджет есебінен де іске асыруға болады ғой деген ой туындайды. Əрине, біз түсінеміз, бұл несие өте жеңілдетілген, ұзақ мерзімді. Дегенмен де бұл несие болғандықтан, оның қайтарымы бар. Осы тұрғыдан Қаржы министрі ретінде сіздің пікіріңіз қандай?» — деп сұрады Жайылғанова.

Əлихан Смайыловтың айтуынша, бұндай жобаларды бюджет есебінен қаржыландыру бюджетке үлкен жүктеме түсіреді. Екіншіден, жобаларды əзірлеу жəне іске асыру ұзаққа созылады. Жəне де, жобаларға бөлінген қаражатты қайта қарау жəне оларды көбейту керек болады.

Министрдің мəліметінше, несие қаржысы ЕАЭО-ның кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан еліміздің өткізу пунктерін жаңғырту жəне техникалық толық жарақтандыруға жұмсалады. Осы жұмыстың нəтижесінде өткізу пунктерінің қабілеттілігі 12 есе артып, транзиттік хаб əлеуеті көтеріледі. Қазір бекеттерден бір тәулікте 450 көлік өтсе, алда олардың саны 5500-ге дейін өспек.

Мəжілісмендер заң жобасына қатысты бірқатар ескерту жасағанымен талқылаудан кейін оны бірауыздан мақұлдады. Осылайша, «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Сенатқа жөнелтілді.

Қымбат Елтайқызы

Дереккқөз: tengrinews.kz

 

Тегтер: Tarazжаңалықтар

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты