• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа форматтағы алқа мәжілісі өтті

turan_admin turan_admin
21.02.2019, 13:00
Облыс жаңалықтары
Жаңа форматтағы алқа мәжілісі өтті
436
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Алқа мәжілісінде өткен жылдың қорытындысы және қызметтің 2019 жылға қойған мақсаттары талқыланды.
Биылғы шараның ерекшелігі оны өткізу форматының өзгеруі болды. Жұмыстың негізгі бағыттары бойынша үйреншікті есептердің орнына панельдік пікірталастар ұйымдастырылды, оның спикерлері облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков, Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Уалихан Болатбек, Жамбыл облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Бауыржан Мөрбеков, «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының жоба жетекшісі Асхат Олжабаев, «Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының» басшысы Дамир Егізбаев, Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округінің әкімі Мұстафа Бектұрғанов.
Сонымен қатар, шараға облыс әкімдігінің басқарма басшылығы, облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, Тараз қаласы және аудандық мәслихаттарының депутаттық корпусының өкілдері,Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылығы, қоғам өкілдері және блогерлер қатысты.
Департаменттің азаматтық сектормен тығыз байланыста жұмыс істеуге деген ұмтылысына алқа мәжілісін «Jambyl» телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіманап ашуы да дәлел болды.
Департамент басшысы Равиль Төлебаев өз баяндамасында іске асырылуы 2018 жылы басталған серпінді жобаларға ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, азаматтарға бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылықтарды дербес анықтауға және хабарлауға мүмкіндік беретін «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының Астанадағы интерактивті нысандағы трансформациясы туралы айтылды. Елордалық тәжірибенің Жамбыл облысында да жүзеге асырылатындығы туралы атап өтті. «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы қазақстандықтарға нақты уақыт режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға және уәкілетті органға осы саладағы бұзушылықтар туралы мониторинг жүргізу -«постфактумнан» мәселені жедел шешуге көшуге мүмкіндік береді. Мәселен, облыста жамбылдықтардың 200 арызы қаралып, шешімін тапты.
Баяндамада Елбасының шығындарды оңтайландыру мен үнемдеу жөнінде берген тапсырмасы шеңберінде Жамбыл облысында 497 мемлекеттік органның алып отырған алаңдарына талдау жасалғаны туралы айтылды. Мәселен, облысымызда Талас (4 млн.), Мойынқұм (17 млн.), Қордай (10,8 млн.) аудандарында алаңдарды оңтайлы пайдаланбаудың нәтижесінде жергілікті бюджеттерден 30 млн. теңгеден астам шығын кетуде. Бұдан бөлек, құрылымдарды біріктіру есебінен мемлекеттік органдарды оңтайландыруды қарастырсақ, артық әкімшілік шығындар азайтылып, қосымша қаржы көздерін табуға болады.
Сондай-ақ, 2018 жылы департаментте штат саны 20 % қысқартылып, ал 2019 жылы 30 %–ға дейін ықшамдалу көделуде. Аталған межеге қол жеткізсек үстемақы көлемі 50% көтерілетінін атап өткім келеді. Аталған кешенді шаралардың нәтижесінде жыл ішінде Агенттік бойынша 525 млн. теңге үнемделсе, департаментте 23 млн. теңгеге жуық қаржы үнемделгенін атап өтті.
Тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисінің ашылып, бизнесті қорғау мен қолдауға бағытталған «Protecting business and investments» жобасы іске асырылуда. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге республика бойынша жалпы құны 10 трлн. теңге болатын 267 бизнес-жоба алынған болса, облысымызда жалпы құны 266 млрд. теңгені құрайтын 10 бизнес-жоба сүйемелдеуге алынған.
Равиль Төлебаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің әдебіне де тоқталып өтті.
«4 жылдың ішінде әдеп нормаларын бұзу фактілерінің екі еседен астам төмендегеніне қарамастан, бұл салада шешілмеген мәселелер баршылық. Азаматтың мемлекеттік органмен қатынасқа түсуі, көбіне телефон арқылы тілдесуден басталады. Тұтқаны көтерген қызметші өзін таныстырмайтын сәттері де жиі кездеседі. Жүгінген мәселесіне біржақты және өктемді жауап қайтарады.Осы жағдайды өзгерту үшін, біз қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік қызметшінің азаматтармен сөйлесу қағидаларын әзірлеп, енгізуді көздеп отырмыз»,-деді ол.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.