• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 10:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жастардың тақымды болуын көздеген жоба

turan_admin turan_admin
23.01.2019, 12:15
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Жастардың тақымды болуын көздеген жоба
542
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінде қоғамның басты қозғаушы күші болып табылатын жастарға мемлекет тарапынан көптеп көңіл бөлініп келеді. Олардың шетелдің іргелі оқу орындарында еркін білім алып, ғылым саласында жетістікке жетуге бар жағдай жасалған. Сондай-ақ елімізде жүріп-ақ өнерін өрістетіп, кәсібін дөңгелетемін дегендерге де ешқандай кедергі жоқ. Бұдан өзге түрлі жобалар қолға алынып, іске асырылуда. Әрине, мұның барлығы жастардың жарқын болашағы мен еліміздің ертеңі үшін. Мәселен, сондай бастаманың бірі –жастар корпусын дамыту жобасы.
Аталған жобаның Тараз қаласындағы жеңімпаздарының бірі «Тақымды тұлға» ұлттық ат ойындары үйірмесі» кіші жобасы. Бұл бастаманың қайтарымсыз грантының арқасында Гүлжан Қожагелдинова бастаған топ мүшелері қала жастарын ұлттық ат спорты түрлеріне үйретуді мақсат тұтқан. Бүгінде жобаның жеңімпаздары жоба арқылы жеңіп алған ақшаларына мінуге қолайлы бірнеше жылқылар сатып алып, қала жастарына теңге ілу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, қыз қуу секілді ұлттық ойындарды үйретуде. Сондай-ақ ежелден халқымыздың айнымас серігіне айналған жылқыға мүлде міне алмайтын жастарды атқа етене жақындастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. Айта кетерлігі, жоба жеңімпаздарының кез келген атқа мінуді үйренгісі келетін қызығушылылығы жоғары әрбір жасқа есігі әрдайым ашық.
– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне қатысты сөзбен ғана айтып қоймай, оны ат әбзелдерімен, киген киімдерімен үйлестіре зерттеу керектігіне баса тоқталған болатын. Жалпы, атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихқа таңба басқандай белгілі. Расында, әлімсақтан қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Сол себептен бүгінгі қазақтың жастары атқа міне алмаса өзімізге сын. Сондықтан «Жас Проект» жобасы арқылы «Тақымды тұлға» ұлттық ат ойындары үйірмесі» кіші жобасын іске асыруды қолға алдық. Бүгінде қала жастары атқа мінуге көптеп келіп, ұлттық ат ойындарын үйренуге қызығушылықтары артып жатыр. Айта кететінім, мүлде атқа мінбеген жастарда келуде. Жоба бойынша алты ай ішінде 250 қала жастарын қамту көздеп отырмыз, – дейді топ мүшесі Ғазиз Сандыбекұлы.
Расында, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысты. Осыны ескерген Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне ерекше тоқталып отыр. Сол секілді жоба мүшелері де атқа міну мәдениетімен қатар, ұлттық ат спорты түрлеріне дәріптейтін бастамаларының аяқсыз қалмағанын тілейді. Сондықтан олар «Жас Проект» жобасы өз мәресіне жеткен соң облыс басшылығы мен жастар саясатына қатысты мекемелерден қаржылай қолдаудың боларынан үмітті. Өйткені, атқа міну мәдениетін қайтадан жаңғыртып отырған жобаның нәтижесі қазірдің өзінде көңіл қуантарлықтай. Себебі қазірдің өзінде ат құлағында ойнағысы келетін жастардың бір шоғыры пайда болды. Ал олардың талпынысын орта жолда қалдырсақ барлығымызға сын.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.