«Меркі-radon» шипажайы ұжымының қызметкерлерінің 1 желтоқсаннан бастап еңбек жалақылары көтеріледі.
Қазақстан кәсіподақтары Федерациясына қарасты бұл шипажай ұжымы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді мінсіз орындау жолында бірнеше өзекті мәселені шешуге қол жеткізді.
Шипажай директоры Асхат Сүлейменов жалпы ұжым жиналысында атап көрсеткеніндей, қызмет істейтін 185 адамның 125-нің еңбек жалақысы, яғни, төмен жалақы алатын осыншама адамның еңбек жалақысы 15 пайызқа көтерілді. Жаңа толыққан жалақы алдағы 1 желтоқсаннан бастап беріле бастайды.
Бұл оң шешімге ұжым мүшелері үлкен қолдау білдірді.
Жалпы, бұрынғы «Меркі», енді «Меркі- radon» деп аталатын шипажай биыл тынығушыларға қызмет көрсету сапасын анағұрлым жақсартып, ем шараларының түрлерін көбейтті. Сервистік қызметтер озық үлгідегі құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
TURANINFO.KZ