• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ

13.11.2018
0
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Талғат Тоқсанәділұлы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы» баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы шықты.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары

       Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
     — көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
      — мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

— мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

        «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес,  «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 640 бұйрығымен бекітілген.

 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығымын 6 стандарт бекітілді, атап айтқанда:

     1) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
        2) «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  3) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
          4) «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
         5) «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

         Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  (бұдан әрі – Департамент)  мемлекеттік қызметтердің 2 түріне көрсетеді:

          1)«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»;
        2) «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу».

«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексеруі тиіс. Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың толық еместігі аңықталған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде арызды әрі қарай қараудан дәлелді бас тартылады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не  мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.

       Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;

      3) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметі бар құжаттың электронды көшірмесі;

      4) жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орынын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының электронды көшірмесі ұсынылады;

      5) жерасты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орынын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының электронды көшірмесі, сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылады;

      6) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының электронды көшірмесі ұсынылады;

           Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Нәтижені беру Мемлекеттік корпорация және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері арқылы алу үшін құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап — 20 (жиырма) жұмыс күні;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арқылы алу үшін Астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні, басқа өңірлерден – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрде.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жобалық құжаттаманы келісу туралы оң шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.

        Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жобалық құжаттаманы келісуге жіберу туралы өтініш;

      3) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері түпнұсқаларын электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
        2017 жылдың жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер — 102:

        — 2017 жылы, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға 41 сұраныс қаралды, онын ішінде 39 сұранысқа рұқсат берілді, 2 сұраныс кері қайтарылды. 61 «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуі» қаралды, оның ішінде 52 жобаға келісім берілді, ал 9 жобаға келісім беруден бас тартылды.

2018 жылдың 9 айында көрсетілген жалпы мемлекеттік қызметтер — 145:

       — 2018 жылдың 9 айында, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға 42 сұраныс қаралды, онын ішінде 33 сұранысқа рұқсат берілді, 9 сұраныс кері қайтарылды. 103 «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуі» қаралды, оның ішінде 54 жобаға келісім берілді, ал 49 жобаға келісім беруден бас тартылды.

 

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен (әрі қарай — Департамент) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, келесі іс-шаралар өткізілді:

     — «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 23 бабы, 1 тармағы, 1 тармақшасын орындау мақсатында Департамент көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері туралы слайд дайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің ғимаратында орналасқан ақпараттық таблоларында жариялануда;

     — 2018 жылдың  28 ақпанында Департаменттің бас маманы «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» туралы тақырыпта «JAMBYL» облыстық радиосында эфирге шықты;  

     — 2018 жылдың  20 наурызында Департаменттің бас маманы «JAMBYL» облыстық радиосында «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі тақырыбында эфирге шықты.

— 2018 жылдың 3 сәуірінде Департаментте Халыққа қызмет көрсету орталығының № 4 бөлімінің басшысының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының жетекші маманының және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды танымал ету туралы» тақырыпта жиналыс өткізілді;

— 2018 жылдың 25 мамырында Департаментте «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушы жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» түрінде мәжіліс өтті;

— 2018 жылдың 11 мамырындағы № 38-39 (1430-1431) «JAMBYL ТАRAZ» қоғамдық-саяси апталық газетінде Тау-кен техникалық қадағалау бөлімінің бас маманының «Өнеркәсіптік қауіпсіздік cаласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мақаласы жарияланды;

— 2018 жылдың 20 маусымындағы № 50 (1442) «JAMBYL ТАRAZ» қоғамдық-саяси апталық газетінде Химия және металлургия өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау бөлімі маманы «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына енгізілген өзгерістер туралы» мақаласы жарияланды;

— 2018 жылдың 22 маусымында Департаменттің бас маманы «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметі тақырыбы бойынша «JAMBYL» радиосына сұхбат берді.

— 2018 жылдың  10 тамызында Департаменттің химия және металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің  басшысы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу туралы мемлекеттік көрсететін қызмет» тақырыбында сұхбат беріп, «JAMBYL» облыстық радиосынан эфирге шықты;

        — 2018 жылдың  25 тамызында Департаменттің тау-кен техникалық қадағалау бөлімі  басшысының міндетін атқарушы «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты тақырыбында «JAMBYL» облыстық радиосынан эфирге шықты;

        — 2018 жылдың  28 қыркүйегінде Департаменттің химия және металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің  бас маманы «Департаменттің профилактикалық-қадағалау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша»  тақырыбында сұхбат беріп, «JAMBYL» облыстық радиосынан эфирге шықты;

         — «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі Департаменттің «Промбез Тараз» жеке парақшасында (аккаунт) жоғарыда көрсетілген материалдар орналастырылды.

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты