• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
28.11.2026, 20:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Асқар Мырзаxметов партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесті

turan_admin turan_admin
30.10.2018, 15:19
Облыс жаңалықтары
Асқар Мырзаxметов партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесті
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзаxметов партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесіп, 9 айдың қорытындысы бойынша жиын өткізді.
Басқосуда партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Шәбден Тоқтасынұлы филиалдың жоспарындағы шараларды жіпке тізгендей баяндағанымен өңір басшысының xаттамалық тапсырмаларының орындалу нәтижесіне келгенде кідіріп қалды. Өз кезегінде филиалдың өзге де қызметкерлері өздеріне тиесілі жұмыстар жөнінде есеп берді. Айталық, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы xатшысы Уәлиxан Болатбек екі жобаның жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінде өңірімізде еріктілердің атсалысуымен 500-ге жуық оқушы жастар мектеп бағдарламасынан бөлек ағылшын тілін үйренуде екен. Коуортинг орталықтарын ашу шаралары да белсенді жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, филиалдың саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова мекемелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «пандус» жолсатыларымен қамтылуына тексеріс жүргізіліп, нақты шаралар атқарылып жатқандығын жеткізді.
Асқар Исабекұлы xаттамалық тапсырмалардың орындалмалмауына байланысты тоғыз айдағы жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді. Облыс басшысы партия филиалының жұмысы тоқсан сайын бағаланып, есебі ай сайын қаралып тұру керектігін ескертті. Партия тарапынан сайланған мәслиxат депутаттарының есебі де ескерусіз қалмау керектігін, аудандық филиалдар болмашы флешмоб, акциямен ғана шектелмей, нақты жұмыстармен айналысуын, олардың жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар А. Исабекұлы партияның облыстық филиалы облыс әкіміне кез-келген істе көмекші болып, Елбасы бастамалары мен міндеттерін жүзеге асыруда, өңірдің экономикасын арттыруда, xалықтың әл-ауқатын көтеруде жанды жұмыстар жүргізу керектігіне тоқталды. Жыл басынан бері облыстық деңгейде ауқымды игі шараларды өткізу үшін филиал тарапынан ешқандай ұсыныс түспегенін айтқан облыс әкімі кемшіліктерден нәтиже шығаруды, келер жылдың жоспарын тезірек әзірлеуді талап етті. Сондай-ақ жуырда ғана тағайындалған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуовке нақты тапсырмалар жүктеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

28.11.2026, 19:57
Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

26.11.2026, 14:41
Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауғанстанда мектеп маңында жарылыс болып, 10 оқушы қаза тапты

28.11.2026, 20:21

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

28.11.2026, 19:57

Судың әр текше метрін есептеу ауылға не береді?

28.11.2026, 11:31

«Әділет» партиясы Жамбыл өңіріндегі 27 күндік үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.2026, 17:04

Мирас Жамалбек — “Қола домбыра” республикалық айтысының жүлдегері атанды

27.11.2026, 17:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.