Қала күніне орай Таразда қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүрмен қызмет көрсететін, ақсақалдар кеңестерін өткізетін «Ғибрат» орталығы бой көтерді.240 ш.м. аумаққа орналасқан нысан құрылысының құны226 млн тг құрайды.
«Ғибрат» орталығын ашу үшін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты, қоғам қайраткері Александр Савченко сөз сөйлеп, қала тұрғындарын құттықтады.
Сонымен қатар, саябақта балалар ойын алаңшасы, ролик тебетін алаңша, сауда дүңгіршектері, шахмат алаңшасы, спорттық снарядтар алаңшасы, баскетбол және футбол алаңшалары орын тепкен.
Жалпы, саябақта 197 жарық шамдары, 4 фонтан, 4 беседка, 69 орындықтар мен қоқыс жәшіктері, 21 мың ш.м. брусчатка, 9 мың ш.м.асфальттық жол жамылғысы, ұзындығы 633 метрді құрайтын веложол салынды.
Сонымен қатар, 120 дана көк шырша, 800 дана туя ағаштары егілді. 45 мың ш.м. аумақ көгалдандырылып (газон), заманауи суғару жүйесі орнатылды.