• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ТАРАЗДЫҢ КӨЗМОНШАҚТАРЫ

27.10.2018
0
ТАРАЗДЫҢ КӨЗМОНШАҚТАРЫ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Тараз деген криминал, төбелес, қылмыс». Шет облыстарға барғанда осы пікірге жауап беремін деп ылғи қызыл кеңірдек боламын. Ақиқатында Тараздың қойнауына бүгіп жатқан сыры көп. Бүгінде келбеті де өзгерген. Төменде жарияланған сілтемеге өтсеңіз Таразға деген қызығушылығыңыз арта түсетініне сенімдімін. Қала күні қарсаңында газетіміз шаһардың меймандары мен оқырманға арнап көне шаһар туралы ең ерекше әрі қызықты 10 дерек ұсынды. Мархабат!

Сөз басында атағанымыздай, Тараз – тұнған тарих. Қасиетті топырағынан көне қала орындарындағы қабырғаларға дейін ескі заманның есті жылдарынан хабар береді. Бүгінге дейін 28 нұсқасы табылған Айша бибі мен Қарахан бабамыздың махаббат хикаясы осы өлкеде өткен. Айша бибі кесенесінің батыс бөлігінде ғана сақталған көне кірпіштер бүгінгі тарихшыларды өзінің әртүрлі өрнектерімен таңдандырған. Ал Рабат, Цитадель, Шахристан сынды үш бөліктен тұрған қаланың ескі жұртын «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен тамашалай аласыз.

 

Тараз – қолөнершілердің қаласы. Бүгінгі Таразда ежелгі шеберлердің өкшесін басып ағаштан түйін түйіп, темір балқытқан зергерлер ата кәсіпті жалғастырып келеді. Олардың қатарында ортеке биін жаңғыртқан Қазым Аманқосов, Сәкен Сыдықов, ағайынды Серік және Асан Бейсеновтер бар. Олардың көз тартар ерекше жұмыстары ел аумағындағы және шетелдік ірі көрмелерге де ұсынылған. Демек топырақтан дарыған қасиет тараздықтардың көне ғұрпын сақтауға себепкер болып отыр.

Тараздың моншалары. Қазақ даласында «монша» ұғымы 11 ғасырдан бері белгілі. Мағынасы «ауруды қуамын» дегенді білдіреді. Тараздың бүгінге жеткен көне жұртында да ескі моншалардың орны табылған. Бүгінгі күні қалаға келген меймандардың дені шаһардың моншаларына тәнті болады. Таразда моншаның түр-түрі бар. Таңдауыңызға қарай фин саунасы, орыс моншалары, түріктердің хаммамы жаныңызды сергітеді. Тұтынушылар үшін моншалардың ұсынатын қызметі көптеген дертіңізге шипа, жаныңызға дауа. Бағасы да соғұрлым тиімді.

Тараздың мейрамханалары мен тағамдары әрқашан меймандардың үлкен таңданысын тудырады. Себебі қалада көп қабатты зәулім үйлерден сыртқы келбеті, архитектуралық дизайны бір-бірін басып озатын мейрамхана саны өте көп. Бір қарағанда аядай қаланың табыс көзі тек осы тойханалар секілді көрінеді. Таразға келген әр қонаққа мейрамханаларды тек салтанатты тойлар өткізетін орын деп емес, сәулет өнерінің заманауи үлгілері деп таныстыруға болатындай. Таразда кез келген той-томалаққа барсаңыз дастарханға қойылған ас мәзірі де көздің жауын алады. Әсемдеп безендірілген дастархандағы әрбір ас, әсіресе, самса мен ет тағамдарының таңдайыңыздан дәмі кетпейтініне сенімдіміз.

«Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың». Фирдоуси бабамыздың бұл сөзі тараздық арулардың сұлулығын бүкіл шығыс әлеміне, ғаламға әйгілеп тұрғандай. Қазақ халқы сұлулықтың символы деп гүлді де, күнді де атаған. Ал ару қыздарымызды Тараздың символы деп бағалау әбестікке жатпайды. Бұлай болған жағдайда шығыс шайырларының бұл жырлары осы күнге жетпес еді. Тараздың қыздары шынында сұлу. Ал арулардың киіну стилі туралы әңгіме мүлде бөлек. Тараздық бикештер аксессуарларды әр түрлі киімге лайықтап тағуға келгенде алдына жан салмайды. Әр мезгіл сайын жаңаша құлпыратын қыздардың киіну ерекшелігі сырттан келген меймандардың назарын бірден аударады.

 

87 тараза тюльпан

 

Тараз – қызғалдақтың отаны. Берікқара шатқалында бес түрлі, соның ішінде сирек кездесетін сары түсті Зинаида, Борщова, Колпаковский эндемик гүлдері және «Қызыл кітапқа» енген Грейг пен Кауфман қызғалдақтары өседі. Ал 2019 жылдан бастап өңірде қызғалдақтар мерекесін дәстүрлі түрде тойлау жоспарлануда. Таразда тіпті ғылыми жұмыстарға негізделген тұжырымдамалар мен зерттеулер негізінде, ең алдымен Түркия, Голландия және басқа да елдерден шақырылған қызғалдақтанушылардың ғылыми конференциясы өткізіледі. Сондықтан келер көктемде Таразға келіп қызғалдақтар қаулап өскен даланы тамашалауды ұмытпаңыз.

 

Табиғаты мен климаты. Республика бойынша Тараздың ауа райы тіршілікке ең қолайлы саналады. Себебі, мұнда әр мезгіл өзінше сұлу. Солтүстіктегілер мамыражай көктемде ызғырық желден бүрсең қағып жүрсе, тараздықтар бұл уақытта бүршік жарған ағаштың саясында жылы жақтан ұшып келген құстарға қосылып ән салып жүреді. Қарапайым тілмен айтқанда Тараздың көктемі көктем, күзі күз секілді. Тіршіліктің әр кезеңін көзбен көріп, ғажайыбын сезінгіңіз келсе Таразға тартыңыз.

Аңыздар қаласы. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұқсаңыз қаланың түрлі кезеңдердегі тұрмысынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысасыз. Соның бірі әрі бірегейі – Қобыланды батырдың Тайбурылы су ішкен астау. Ғалым, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың жүргізген зерттеулері бойынша астау Бурыл тауының етегінен табылған. Таудың Бурыл аталуы жөніндегі аңыздың ақиқаты да осында.

 

87 тараз ашимов

 

Тараз – өнер ордасы. Көпшілік қазақтың қасиетті өнеріндегі нар тұлғалардың алғашқы қадамы осы Тараз жерінде басталғанынан бейхабар. Қазақ киносының корифэйі Асанәлі Әшімов, театр тарланы Тұңғышбай әл-Тарази, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, жазушы Әкім Тарази, ақын Күләш Ахметова, композитор Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Сәмединова, Досымжан Таңатаров, Мейрамбек Беспаевтар аталмыш тізімнің көшін бастап тұр. Осыдан-ақ мәдениет пен өркениет қаласы болған Тараз өз келбетін әлі күнге дейін сақтап келе жатқанын аңғаруға болады.

 

87 макет фонтана

 

Қазақстандағы ең ұзын фонтан Таразда орналасқан. Қала күніне орай ашылатын нысанның ұзындығы 220  метр. Ал жобаны іске асыруға 240 миллион теңге қаражат жұмсалған. Субұрқақтың айналасында тұрғындар мен меймандар үшін ауа-райының барлық тосын жайларына ыңғайластырылған IT орындықтар қойылады деп күтілуде. Яғни адам кез келген ауа райында смартфондарын қуат көзіне қоса алады. Сонымен қатар аллеяға барыс, қанатты тұлпар, бүркіт мүсіндері де сән бермек.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Дереккөз JAMBYL-TARAZ сайтынан

Тегтер: қала күніТараз қаласытуған күн

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты