Таразда Жамбыл облысы үкіметтік емес ұйымдарының«Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» тақырыбында форумы басталды. Шара облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Форумға облыстың барлық аудандарында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдері, сарапшылар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық кеңестер, саяси партиялар, кәсіподақ ұйымдары қатысуда.
Облыстық форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли мұндай жиындар билік пен азаматтық сектордың байланысын бекіте түсетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, форум жұмысы жоғары деңгейде басталғанын айтып, оның жұмысынан үлкен нәтиже күтетінін жеткізді. Түске дейін 5 пленарлық секциялар мен жергілікті атқарушы билікпен басшыларымен үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өтеді.
Түскі астан кейін «Арай плаза» бизнес орталығында пленарлық отырыс өтпек. Отырыста «АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Нұрлан Өтешев, «Азаматтық Альянс» РҚБ вице — президенті Мұсағали Дуамбеков, ҚР Қоғамдық даму министрлігі өкілі Гүлбара Сұлтанова сөз сөйлемек.
TURANINFO.KZ