Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысы аумағындағы қоғамдық кеңестердің бірінші форумы өтті. Форум жұмысына Жамбыл облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаев, Тараз қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, Тараз қаласы және аудандардағы қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері, арнайы мониторингтік топ мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 60 тармағына сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы №8 бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылды.
Арнайы мониторингтік топтың міндеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия ережесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тиімді орындалуын жан-жақты бағалау, сондай-ақ орындалу сапасын жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Оның құрамын қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғарғы оқу орындарының, ұлттық кәсіпкерлік палата өкілдері, блогерлер енгізілді.
Ал, Арнайы мониторингтік топтың негізгі функцияларына тоқталып өтетін болсақ, ол:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілер және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің есептерін объективті және жан-жақты зерделеу, талдау және бағалау,
2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері бойынша ақпараттарын тыңдау және қарау;
3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың тиімділігін арттыруға ұсыныстар әзірлеулер жатады.
Ағымдағы жылы арнайы мониторингтік топпен 3 отырысы өткізіліп, 7 сұрақ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы; Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселесі бойынша Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдері қызметтеріне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы туралы; Азаматтық бақылау жобасы аясындағы жүргізілген құпия сатып алу қорытындысы; Жүргінші жолақтары жоқтығының жол қауіпсіздігіне тигізетін әсері және қоғамда қолайсыздық тудыруы; Мейрамханалар маңайлары аумақтарында тұрақ орындары бойынша номативтік талаптардың сақталмауы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдың бірі ретінде мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалануға бақылау жасау туралы) қаралды.
Осы отырыстарда қаралған сұрақтар жан-жақты талқыланып олардың қорытындылары бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 10 ұсыныстар берілді, оның 6 орындалу барысында.
Арнайы мониторингтік топ мүшелері 2018 жылдың 16-17 сәуірінде Жамбыл облысы перинаталдық орталығына, Тараз қаласының №5 емханасына, Тараз қаласы мемлекеттік кірістер басқармасына, №2 халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесіне барып, олардың халыққа көрсетіп отырған қызметтерімен танысты.
Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен, осы мекемелердің халыққа көрсетіп отырған қызметтерінің сапасы және қол жетімділігі зерделеніп, ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, Арнайы мониторингтік топ мүшелері Тараз қаласы мен Жуалы,Т.Рысқұлов аудандары колледждеріне 2018-2019 оқу жылдарындағы оқу гранттарын бөлу процесстеріне бақылаушылар ретінде қатысты.
Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің және қоғамның белсенді өкілдерінің қатысуы нәтижесінде оқу гранттары барынша ашық және әділ бөлінуі жете қадағаланды.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Агенттіктің облыстық департаменті қызметкерлерімен мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субектілерінің қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыс топтарына Арнайы мониторингтік топ мүшелері қатыстыру тәжірибесі қолға алынған.
Арнайы мониторингтік топ алдағы уақыттада ел беделіне көлеңке түсіретін қоғамдағы демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтін, саяси тұрақтылыққа зиянын келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күресті жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына өз үлесін қосу үшін жұмыстарын жалғастыра береді.
TURANINFO.KZ