• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Берік Уәлиұлы Ішкі саясат басқармасының 9 айлық жұмысы бойынша есеп берді

01.10.2018
0
Берік Уәлиұлы Ішкі саясат басқармасының 9 айлық жұмысы бойынша есеп берді
288
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Берік Құрманғалидың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Берік Уәлиұлы басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Басқарма басшынысының айтуынша биылғы жылы әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша ІІІ тоқсанда сұралған респонденттердің 93,55%-ы елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйін жақсы деп белгілеген.  Бүгінде халық пен билік өкілдерінің байланысын нығайтып, барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облыстық жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен «J-RECEPTION» интернет қабылдау сайты жұмыс істеп жатыр. Яғни, «Интернет-қабылдау» сайтында азаматтарды алаңдататын өзекті мәселелерді қабылдау, тіркеу және қарау бойынша «интернет-қабылдау» сайтының модулі әзірленіп, азаматтардың билік органдарымен кері байланысы ұйымдастырылды. Ал, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» жобасы аясында облыстық, Тараз қалалық, аудандық  Қоғамдық кеңестері жұмыстарының ашықтығын көрсету мақсатында Q-KENES.KZ сайты жұмысын бастады. Келесі жылы да осы сайттарды өзектендіру және ілгерлету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру бойынша 2018 жылы 3 млрд 50 млн теңгеге 119 кіші жоба мен 73 іс-шара жүзеге асып жатыр. Оның ішінде 350 млн теңгесі жергілікті бюджет, 2,7 млрд теңгесі меценаттар есебінен қаржыландырылуда.

Берік Уәлиұлы басқарманың БАҚ-пен жұмысы жөнінде де атқарылған шаруалар легіне тоқталды. Бүгінде облыста 59 бұқаралық ақпарат құралы қызмет етеді. Оның ішінде 14-де мемлекеттің қатысу үлесі бар. /Мерзімді басылымдар саны – 50, телеарналар – 2, ақпараттық агенттіктер – 7./

Биылғы жылы жаңадан 4 БАҚ тіркелді. Оның ішінде: 1 журнал және 3 ақпараттық агенттік («СЭР» спортивно-экономическое ревю» журналы, «AQ JOL-AQPARAT», «ZAU.KZ», «08info»).  Өңірде 40 бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ақпараттық саясатты   жүзеге асырып келеді. Жалпы, жыл басынан бүгінгі күнге дейін БАҚ өкілдерімен 118 баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды. Оның ішінде, жоспарға сәйкес — 45 баспасөз конференциясы, сондай-ақ, жоспардан тыс 48 брифинг өткізілді. Ал, тамыз айынан бастап Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бекіткен кестеге сәйкес 34 брифинг жоспарланған. Оның ішінде: 8 ауданның әкімдері және 17 басқарма басшысы осы кестеге сай есеп берді. Бұл дәстүр келер жылдың басында да жалғасын табатын болады.

Ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар, Азаматтық форумдағы ұсыныстарды, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын жандандыру және ілгерлету жұмыстарын да жүргізеді.  Әділет органдарының мәліметі бойынша облыста 753 коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) тіркелген. Олардың 60,0% облыс орталығында, 40,0% аудандарда шоғырланған. Облыстың ҮЕҰ-дың 200-ден астамы қоғамдық өмірге белсенді қатысуда, олардың 100-ге жуығының негізгі қызметі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталған.

– Алдағы уақытта, қазан-қараша айларында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлы дала Рухы» фестивалі, «Латын әліпбиі – бүгінгі күннің өзекті мәселелері» тақырыбында конференция, «Жерлестер» Форумы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу институтының сарапшыларының қатысуымен семинар тренинг, Алаш Үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына арналған «дөңгелек үстел» отырысы,  желтоқсан айында ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция мен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу жоспарымызда тұр. Жамбыл облысындағы тиянақты тірліктерді жария етудегі бірлескен жұмысымызға сәттілік тілеймін, — деді Берік Уәлиұлы.

 

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты