• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУҒА АРНАЛДЫ

turan_admin turan_admin
12.09.2018, 16:34
Облыс жаңалықтары
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУҒА АРНАЛДЫ
479
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter


Аудандық «Сұлутөр» кинотеатрында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы болып өтті. Конференцияға бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, партия филиалының Саяси кеңесі және Бюро мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшылары, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отырды. Аудан әкімі, партия аудандық филиалының төрағасы Асқар Қырықбаев ашып, жүргізген кезектен тыс конференция барысында мемлекетіміздің айшықты рәміздерінің бірі әнұранымыз ойналып, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков баяндама жасады. Өткен жылдың желтоқсан айында Саяси кеңес бюросының қаулысымен партияны жаңғыртудың нақты жоспары бекітілгенін жеткізген ол онда жеті бағыт бойынша шараларды іске асыру қолға алынғанын сөз етті.

– Атап айтқанда, партиялық кадрлармен жұмысты күшейту, жергілікті өкілдік органдарында партияның рөлін арттыру, оның жалпыұлттық күн тәртібін құруда белсенді түрде араласуын қамту, партиялық технологияларды жетілдіру, жастармен белсенді жұмыс жүргізу және партиялық білім сапасын арттыру қарастырылған еді. Елбасының «Нұр Отан» партиясын жаңғырту тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасының жобасы
даярланып, партияішілік талқылауға ұсынылды.
Партияның ірге тасы, басты күші – ол бастауыш партия ұйымдары. Қазақстанды үшінші жаңғырту аясында Елбасының бастамасымен қолға алған бағдарламалық құжаттардың, партиялық жобаларды жүзеге асыру жолында бастауыш ұйымдарының рөлі ерекше. Қазіргі күні партия қолға алған: ІТ-сыныптар мен ІТ-орталықтарын ашу, кітапханаларды, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту бойынша жобаларды халық арасында насихаттау, түсіндіру жұмысына бастауыш партия ұйымдары белсенді атсалысып келеді.
Жақында «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында Шымкент қаласында алғаш рет «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық форумы өтті. Форум барысында «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасының жобасы ұсынылды. Тұжырымдаманың мақсаты – жүйелік партиялық жаңғыртудың міндеттерін ескере отырып бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру болып табылады, -деген Қанатбек Дәкенұлы тұжырымдамадағы жаңашылдық басымдықтарға тоқталды. Баяндамадан соң жарыссөзге шыққан партия мүшесі, «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімшесінің басшысы Ерболат Жәдік сөйлеген сөзінде «Ел бірлігі мен тұрақтылықты ту еткен «Нұр Отан» партиясы бүгінде ел аумағында атқарылып жатқан барлық іргелі істерге ұйытқы болуда. Мемлекеттік бағдарламалардың толыққанды іске асуына, сапалы, тиянақты орындалуына бақылау жасау арқылы қозғаушы күшке айналып, жедел әрі тиімді түрде жүзеге асқан әлеуметтік-экономикалық жобалардың басы-қасында болған саяси ұйымның жұмысын оң бағалаған халық бағыты айқын «Нұр Отанның» болашағы жарқын екеніне сеніммен қарауда. Қазіргі таңда барша қазақстандықтар өздерінің кемел келешектерін «Нұр Отанмен» байланыстырады. Ал, оның айқын көрінісін «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының, филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарының жұмысынан көруге болады» дей келе еліміздің ертеңі көшбасшы партияның өміршең идеялары тұрғанда жарқын болатынына сенім білдірді.
Конференция соңында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбековтың ұсынуымен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясына делегаттар сайланды.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.