Жуалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №338 ө өкімімен Ербол Сәкенұлы Жаңабаев 2018 жылдың 03 қыркүйегінен бастап Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ербол Сәкенұлы Жаңабаев 1986 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында туылған. Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «мұнай және газ кәсіптік машиналары мен жабдықтары» және 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласында «General Asset Management» Акционерлік қоғамында хатшы-референт болып бастаған. Одан кейін «General Asset Management» Акционерлік қоғамында жетекші маман, маман, «Астана-Финанс» МКҰ» ЖШС қарыздарды мониторинг жасау бөлімінде маман, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмысы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде Облыс әкімінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.
2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.