• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Білікті бірді, Білімді мыңды жығад

turan_admin turan_admin
25.08.2018, 14:27
Облыс жаңалықтары
Білікті  бірді, Білімді мыңды жығад
320
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter


Білім күніне орай Ақтоған орта мектебінде ІТ сыныбы ашылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет» деген болатын.
Осы орайда, Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ел аумағында қыруар шаруалар атқары лып жатқандығы шығар күндей шындық дер едік. Бір жағынан осындай зор сеніммен айтуымызға білім күніне орай, Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінде ашылған IT сыныбы да себепші болғаны анық. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін «Нұр Отан» партиясы тарапынан көптеген игі істер жасалып келеді. Ақтоған орта мектебінде ашылып отырған IT сыныбы бас партияның бастамашыл жобасы аясында атқарылған ілкімді істердің бірі екен. Бұл қуанышқа арнайы барып, ортақтасқан аудан әкімі Асқар Қырықбев, облыстық қоғамдық Кеңестің мүшесі, облыстың Құрметті азаматы Сембек Сейдәзімов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков мектеп мұғалімдері мен шәкірттеріне жаңа оқу жылында мол табыстар тіледі. Асқар Санатұлы өз сөзінде:
– Мен 2006 жылы Жапонияда болдым. Сол жылы күн шығыс елінде дүниежүзілік EXPO көрмесі өткен еді. Сонда мен адам қолымен жасалатын істерді роботтардың жасап жатқанын көрдім. Бұл түбі біздің елге де қелетін құбылыс. Сондықтан оқушыларымыз робототехника саласын мықтап меңгергені жөн. Оның үстіне, бабаларымыздан «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз қалған. Жастарымыз білімді әрі жан-жақты болса, дамыған отыздыққа міндетті түрде енетін боламыз,-деді. Ал, жаһандық дәуірде барлығы компьютер арқылы жүзеге асырылатынын сөз еткен облыстың Құрметті азаматы Сембек Әбтайұлы бұл сыныптан ауданға облысымызға, қала берді әлемге танымал білікті мамандар шыға берсін деген ақжарма ниетін жеткізді. Реті келгенде айта кетейік, IT бұл – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман деген ұғымды білдіреді. Қазірдің өзінде Аяулым Маратбек, Диана Маликова, Айбек Байшемиров, Бекболат Шәкен және Нұрбек Дүйсенбек сынды мектеп оқушылары аталмыш салаға өз қызығушылықтарын танытып отырған көрінеді. Ескерте кететін жайт, бұл сыныпта тек 8 бен 16 жас аралығындағы оқушылар тәлім алады. Әзірге 4 топтан жасақталған 40 оқушыға жоғары білімді Серік Айтбаев, Мұрасбек Байшемиров және Бағдат Баягизов сынды мектеп ұстаздары дәріс бермек.
Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаровтың сөзінше биыл ауданымызда дәл осындай жаңа 18 IT сыныптары ашылады. Оның 7-еуі орта, 3-еуі негізгі және 8-і бастауыш мектептері екен.

Марат ДИХАНБАЙ.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.