• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Тұрар Рысқұлов оқыған мектеп қоймаға айналып барады

28.08.2018
0
Тұрар Рысқұлов оқыған мектеп қоймаға айналып барады
825
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тұрар Рысқұловтың қайраткерлік тұлғасы мен қазақ тарихындағы айшықты орны бүгінгі күні жиі айтылып, дәріптеліп ақ жүр. Оның отаны үшін жасаған абыройлы істері, қиын-қыстау аштық кезеңдегі батыл әрекеттері өткен күннің парақтарында сайрап жатыр. Алайда, ардақты азаматтың, мемлекет қайраткерінің табанының ізі қалған жерлерде бейберекетсіздіктің орын алып жатқанын көзіміз көріп, қынжылып жүрміз.
Нақтылайтын болсақ…
Меркі ауданындағы Сарымолдаев ауылына екі жыл қатарынан ат басын бұрдық. Екі жылда да Савва орта мектебінің дәл алдында орналасқан Тұрар Рысқұлов 1907-1910 жылдары білім алған мектеп-интернат ғимаратына бас сұққан болатынбыз. Екі ретте де көңілімізді зіл басты. Алғашында «жөнделер, жергілікті билік қарап жатпайды ғой» деген оймен іштен тынған едік. Бұл жолы жағдайдың оңалмағанын, ғимараттың алқам-салқам күйін көріп қынжылдық.
Сүйегі мықты, қабырғалары қатты, қыш кірпіштен көтерілген мектеп ғасырдан астам уақыт өзінің о бастағы қалпын жоғалтпаған. Алайда терезелері сынық, дуалдары мен шатырынан су тамып тұр. Босағасын ауылдың бұралқы иттері күзетіп жүр. Ішіне ене бергенімізде ғимаратты бүйірінде орналасқан мектеп өз игілі үшін пайдаланғаны байқалды. Бөлмелердің есігінде құлып, едендерін шаң басқан, сыздың иісі шығады. Әр бұрыштағы ескі-құсқы заттар мектептің қоймаға айналып бара жатқанын көрсетеді. Тұрар Рысқұлов білім алған орыс-түземдік мектеп интернаты екенінен ілінген жалғыз тақтайша ғана белгі беріп тұр. Ғимаратқа жауапты қай мекеме екенін біле алмадық. Мектеп мұғалімдері келешекте жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ғана айтып алдандырды.
Ғасырмен бірге тыныстап тұрған ғимараттың тұсындағы мектеп былтырғы жылы ғана күрделі жөндеуден өткен. Бізді алақандай ғана ескі интернатты сол мектеппен бірге жөндемегені алаңдатты. Тіпті көп қаражатты да қажет етпес еді. Жанынан күн сайын өтетін оқушылар үшін бұл тарихи орынның тағылымы мол. Мәдениет министрлігі көтеріліп отырған осы мәселеге құлақ түріп, тез арада ғимаратты музейге айналдырса деген ұсынысымыз бар. Көптің де, өңір жастарының да тілегі осы.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Жамбыл облысымектепмузейТаразТүркістанның ШыңғысханыТұрар Рысқұловшкола

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты