Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Ауылдық ақпараттық-ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу» атты әлеуметтік жоба аясында «Асқақ рух — еркін ел» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Бірлесу – Еңбек, Тастөбе, Шайқорық, Бесағаш, Пригородный, Гродеково, Қызылқайнар, Полатқосшы, Айша бибі, Бектөбе
ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, фандрайзинг, гранттық өтінімдерді толтыру, үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары және өзге де тақырыптар бойынша сөз қозғалды.
TURANINFO.KZ