• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚАЛАНЫҢ ДӘУЛЕТІ СӘУЛЕТІНЕ САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

01.08.2018
0
ҚАЛАНЫҢ ДӘУЛЕТІ СӘУЛЕТІНЕ САЙ БОЛУЫ КЕРЕК
247
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Таразды тотыдай түрлендіру жобасын жүзеге асыруда оның әлеуметтік-эконмикалық әлеуетін назардан тыс қалдыруға болмайды. Қала аумағы жыл санап қарқынды өсіп келе жатқанымен құрылысы саласы әлі де ақсап тұр. Жоспарланған межені еңсеруде жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым салаларына да тың серпін қажет-ақ. Екі жұма бойы барлық ауданды аралап, ондағы жұмыстың барысымен танысып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеген облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласының актив жиынында шаһардағы қым-қуыт тіршіліктің тұралауына себеп болған жайттарға жеке жеке тоқталды.

Салалық басқарма басшыларының назарына алғаш іліккен өзекті мәселе Тараздағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жайы болды. Нәсібін қарбаласқа толы қала тіршілігінің бел ортасынан табуға ниет білдіргендерді баспанамен қамтудағы меженің орындалу көрсеткіші әзірге 84 пайыз. Облыс орталығында қоныс тойы 3 тоқсаннан бастап көбейеді. Осылайша баспанамен қамтуға ағымдағы жылға берілген жоспар толық орындалады. Алайда, қаладағы құрылыс саласының кенжелеуіне 8 проблемалық жоба әсер етіп отыр. Тіпті мұндағы 4 жоба 3 жыл бұрын қолға алынғанымен әлі күнге пайдаланылуға берілмеген. Бірінен соң бірі ауысатын қалалық құрылыс бөлімінің басшылары «сақалды құрылыс» мәселесін шешуге мойын бұра алмай келеді. Салада «сақалды құрылыстан» бөлек жабайы автотұрақтар, құрылысқа қажетті жерді жекеменшіктен қайтару мәселелері де өз деңгейінде шешілмей келеді. Қарбаласқа толы қала тіршілігінің бойына қан жүгіртетін қоғамдық көліктің жайы да мәз емес. Ағымдағы жылы жаңартылуы керек болған автобус парктеріне жыл басынан бері небәрі 31 дана көлік құралы жеткізілген. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында тағы 32 дана жаңа автобус пайдаланылуға беріледі. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүргізілген тексерулерден соң 3 бағыт бойынша қызмет көрсететін 2 компаниямен келісім шарт бұзылып, заң талаптарын көзге ілмеген көлік құралдарына қатысты 458 әкімшілік іс қаралды. Нәтижесінде жол жүру ережесіне жүрдім бардым қарағандардан 1,9 миллион теңге айыппұл өндірілген.
Облыс орталығында ауыз сумен қамту ісі де өзектілігімен күнтәртібінен түспей келеді. Мәселенің ушығуына қалалық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің өз міндеттемелеріне ат үсті қарауы себеп болып отыр. Өйткені, бөлім ауыз сумен қамту ісін өз құзіретіне кіретінінен хабарсыз. Сәйкесінше тиісті жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастырмай келеді. Сайып келгенде бұл қала тұрғындарының тіршілік нәрін тәулік бойы тұтынуына кедергі келтіруде. Сондай-ақ шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстарында жүйелілік жоқ. Есесіне Таразда тозығы жетіп,жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің саны өскен. Осы орайда, жиын барысында өз жұмысына жауапкершілік таныта алмаған қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметінен босату туралы шешім шығарылды.
Тараздың дәулетін сәулетіне сай етуге кәсіпкерліктің кең қанат жая алмауы да септігін тигізуде. Өйткені тиісті орындарға кәсіпкерлік мақсатта жер бөлу туралы өтінішпен қайырылғандардың саны небәрі 4 кәсіпкер ғана. Бұл орайда облыс әкімі кәсіпкерлерге жер беру жұмыстарын толық ақпараттандыруды тапсырды. Басқосуда мұнан өзге де салаға қатысты мәселелер қаралып, жауапты тұлғаларға жұмысты жүйелеу туралы тапсырмалар берілді.
Құрметті достар! Жамбыл облысының әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша алты айдың қортындысы Таразда түйінделді. Алдағы уақытта жұмыстарына атүсті қараған жауапты тұлғаларға шара қолданылатын болады.
Ақпарат Біржан Сартбек фейсбук аккаунтынан алынды.

Тегтер: облыс әкіміТараз қаласы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты