«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы!» атты концерт өтті
Облыстық халық шығармашылығы орталығы, «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитеті, «Достық» жастар ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы!» атты концерт өтті. Шарада қаламыздың өнерлі жастары өз өнерлерін көрсетіп, жиналған көпшіліктің көңілінен шыға білді. Жалпы мерекелік іс-шараны М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Достық» жастар ұйымның биші қыздары «Шашу» биімен ашты. Концертте университеттің 1 курс білімгерлері Сейтжан Жанболат пен Битан Гүлзира «Көңіл толқыны» атты күй орындаса, Ахинбаева Гүлнұр, Көкежан Бақытжан, Елубаев Олжас, Буркитова Құндыз атты қыз-жігіттер өз кезегінде әсем әндерін орындап барша көпшілікті тәнті етті. Мәнзәлбек Нұрбану, Әбдіғаппар Диана және Бақтыбай Әділет өзге тілде өлең оқып, жиналған көпшілікке ұлттар достығы туралы ой сала білді. Ал Манап Гулдана, Калдыбаева Шырайлым, Төлеуқұл Гүлнәз, Сейдазим Урсула өзге ұлттардың мәдениеттері, салт-дәстүрлері жайлы сұрақ қойып, залда отырған көрермендердің дұрыс жауабына тәтті сыйлықтар табыстады. Кеш соңында «Еркін пікір» ЖҚБ төрағасы А.Олжабаев Облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының атынан жас болса ұлттар арасында достықты нығайтуға, олардың өнерін, мәдениетін насихаттауға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Концертке қаламыздағы жоғарғы оқу орындарымен бірқатар колледждерінің студенттері жетекшілерімен бірге, мектеп мұғалімдерімен оқушылары облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері, ҮЕҰ көшбасшылары, Тараз мемлекеттік университетінің белсенді студенттері және БАҚ-өкілдері қатысты.
TURANINFO.KZ